126
11-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі асты сызылған
сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен сөйлем құрып
жазыңыздар.
Қоғамның даму жолында өз әрекеттерімен өшпес із қалдырған
тұлғалар бар. Олар: Қасым хан, Тәуке хан мен Абылай хан. Олар – қазақ
хандығының ұлт тарихына үлкен үлес қосқан көрнекті мемлекет
қайраткерлері. Осы тұлғалар қазақ мемлекеттілігінің нығаюы мен қазақ
хандығының сыртқы саяси ұстанымын бекітуге елеулі үлес қосқан.
12-жаттығу.
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А)
Ол мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды, оның
өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен
үн қатқандай.
Ә)
Ол қазақ мектептерін ашып қана қоймай, сонымен бірге балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің дидактикалық принциптеріне сүйенген оқу және
әдістемелік құралдар жазды.
13-жаттығу.
Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыздар.
Сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Қазақ халқы – рухани мол байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-
бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні,
асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал-мәтелдері мен
шешендік сөзі, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы,
бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ұжданы жоғары, намысқой
азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Достарыңызбен бөлісу: