1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет180/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
 
№19  Сабақ 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ 
ТАҚЫРЫБЫ: 
Өнегелі 
ғұмыр. 
Тарихи 
тұлғалар. 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:
 
Шарт мәнді сөйлем. 
  
 
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.
 
 
1.
 
Өнеге, тәрбие, мұрагер, тұлға, азамат, ғалым, намыс, сыбызғы,    қайраткер, 
сырнай,  ар-ождан,  ағартушы,  заман,  үлес,  еңбек,  зерттеуші,  адамгершілік, 
туынды. 
 
 


124 
 
2.
 
Тарихи  тұлғалар,  қоғамдық  қайраткер,  қазақ  хандығы,        көрнекті 
ағартушы, рухани дүние, қайшылыққа толы. 
 
3.
 
Ежелгі,  көрнекті, белгілі, тарихи. 
 
4.
 
Күмбірлеу, үн қату. 
 
Мәтінді оқыңыздар. 
 
          Қазақ  халқы  –  рухани  мол  байлықтың  мұрагері.  Ежелгі  ата-
бабаларымыздың  күмбірлеген      күйі,  сыбызғы-сырнайының  үні,      салған   
әні,  ғашықтық  жырлары,  мақал-мәтелдер  мен  шешендік  сөзі,  айтыс 
өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де 
өнерлі,  адамгершілік  ар-ұжданы  жоғары,  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп 
келгені тарихи шындық.   
         Қоғамның  даму  жолында  өнегелі  ғұмыр  кешіп,  өшпес  із  қалдырған 
тұлғалар  бар.  Олар:  Қасым  хан,  Тәуке  хан  мен  Абылай  хан.  Олар  –  қазақ 
хандығының  ұлт  тарихына  үлкен  үлес  қосқан  көрнекті  мемлекет 
қайраткерлері.  Осы  тұлғалар  қазақ  мемлекеттілігінің  нығаюы  мен  қазақ 
хандығының сыртқы саяси ұстанымын   бекітуге елеулі үлес қосқан. 
           Әр заманда да елін  сүйген ірі азаматтары болған. Олардың қатарына  
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов,  Мұхтар Әуезов 
және тағы басқа тұлғаларды жатқызуға болады.  
          Ы.Алтынсарин  Қазақстан  тарихында  көрнекті  ағартушы,  педагог, 
ақын,  қоғам  қайраткері  ретінде  із  қалдырды.  Ол  қазақ  мектептерін  ашып 
қана  қоймай,  сонымен  бірге      балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
дидактикалық  принциптеріне  сүйенген  оқу  және  әдістемелік  құралдар 
жазды. 
          Абай  Құнанбаев  –  ұлы  ақын,  жазушы,  композитор,  тарихта  өзінің 
өнегелі  ісімен    ізін  қалдырған,    қазақ  жазба  әдебиетінің  негізін  қалаушы 
тұлға. Абай қазақ халқы мәдениетінің тарихында ерекше орын алады.  
          Шоқан  Уәлиханов  –  қазақтың  ағартушы-демократы,  саяхатшысы, 
этнографы,  фольклорисі,  Орта  Азия,  Қазақстан  мен  Шығыс  Түркістан 
халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші.  
               Сондай-ақ  Мұхтар  Әуезовтің  қазақ  дүниетанымы  мен  рухани 
дүниесін дамытудағы орны ерекше. Жазушының шығармашылығы – қазақ 
өнері қалыптасуының айғағы. Ол мағынасы терең шығармаларымен өшпес 
із  қалдырды,  оның  өміршең  туындылары  ұрпақтан  ұрпаққа  ұмытылмай 
жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай.   
              Осындай ерен тұлғалардың бірі  – есімін ерекше ілтипатпен айтуға 
болатын  академик  Қаныш  Имантайұлы  Сәтпаев.  Ол  –    көрнекті  геолог, 
ғалым, ұлттық Ғылым Академиясының негізін қалаушы.   Ол – Қазақстан 
Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.   
  


125 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет