1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет20/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
Түсіндірме сөздік 
1.
 
Басқару  жүйесі  –  қаржыландыру,  жоспарлау,  есептеу  істерінің  іске  
енетін фирманың ұйымдық элементті  
2.
 
Сот билігі – биліктің сот қызметіне қатысты тармағы  
3.
 
Билік – басшылық , басқарушылық  
4.
 
Өркениет  –  белгілі  бір  мемлекеттің  қоғамдық  –  саяси,  мәдени  даму 
жағынан биікке көтерілген сатысы  
5.
 
Өкілет – саяси билік  
6.
 
Атқарушы орган – билікті жүзеге асырушы, орындаушы орган  
 
 
1-жаттығу.
 Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
Республика 
Конституция 
Парламент 
Үкімет 
Сот 
 
2-жаттығу.
  Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  сөздердің 
мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен өзіңіз сөйлем құрыңыздар. 
 
Қазақстан  Республикасын  халық  сайлаған  Президент  басқарады.     
Республиканың ең жоғарғы өкілетті органы – Парламент.   
Парламент  тұрақты  жұмыс  істейтін  екі  палатадан:  Сенаттан  және 
Мәжілістен тұрады.   
 
3-жаттығу.
 Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
А)  Конституциялық  Кеңестің  төрағасын  Республика  Президенті 
тағайындайды.  
Ә)  Азаматтың  міндеті  –  заң  талаптарын  бұзбау,  екінші  жағынан,  өзіне 
жүктелген міндетін орындау.   


14 
 
4-жаттығу.
 
Сөйлем 
ішіндегі 
белсенді 
лексиканың 
астын 
сызыңыздар. Ондағы ойды өз сөзіңізбен  түсіндіріңіздер. 
 
Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Президент 
Үкіметті  Конституцияда  белгіленген  тәртіппен  құрады.  Қазақстан 
Республикасында  сот  төрелігін  тек  сот  қана  жүзеге  асырады.  Ол  заңмен 
құрылған  Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  және    жергілікті 
соттары болып табылады.   
 
5-жаттығу.
 Сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз. 
 
Қазақстан  өз    ..............  алғаннан  кейін      еліміз  Президенттік 
Республика  болды.    Қазақстан  Республикасын  ........    .........  Президент 
басқарады.   Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы 
.........  мемлекет.  Республиканың  ....  ............  өкілетті  органы  –  Парламент. 
Ол республиканың ......      .............     қызметін жүзеге асырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет