11
Екпін
– сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі
кейбір буын, дыбыстардың басқа
тілдік
бөліктерден
ерекшеленіп,
көтеріңкі айтылуы.
Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі –
көмекші
екпін.
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі.
Мысалы: қала, жақсы-негізгі екпін. Сөзге қосымша жалғанса (жалғау,
жұрнақ),
екпін
соңғы
қосымшаға
түседі.
Мысалы:
қала+лар,
қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін
соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін
атқарады.
Екпін түспейтін буындар:
1. Жіктік жалғауы (Личные окончания). Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың,
келе+ді т.б.
2. Шылау сөздерге (Союзы и частицы): да, де, мен, пен, бен,үшін т.б.
Мысалы: Үй де, мал да аман.
3. Көмекші сөздерге (Вспомогательные слова): -ғой, –дейін, –шейін, - соң
т.б.
Мысалы:Үйге дейін келдім. Мен ғой мектепте болдым.
4. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату
мәнін білдіретін –дай,-дей,-тай,-тей,-лай,-лей, және, ша, ше жұрнақтарына
екпін түспейді. (Ударение не падает на суффиксы уподобления, которые
присоединяются к именным частям речи и к причастиям). Мысалы:
үй+дей, бала+дай, келген+дей, айтқан+ша
5. Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш білдіретін –шы, -ші
қосымшасына екпін түспейді. (Ударение не падает на аффиксы –шы-ші-,
которые присоединяются к глагольным формам, выражающим просьбу,
пожелание). Мысалы: айт+шы, көр+ші, барайық+шы т.б.
6-жаттығу.
Сөйлемдердің соңына қажетті тыныс белгілерін қойып
жазыңыздар. Айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, лепті) жай
сөйлемнің қай түрі екендігін анықтаңыздар.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының дәл ортасында
орналасқан Орталығы – Астана қаласы Астана – әсем қала Қазақ жері
Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдерімен
көршілес орналасқан Батысында – Жайық өзені, шығысында – Алтай
таулары, солтүстігінде – Батыс Сібір ойпаты, оңтүстігінде – Алатаумен
шектеседі Қазақстанның әлеуметтік саясаты адамның халықаралық және
ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғау ең басты міндет болып
табылады
Достарыңызбен бөлісу: