22-жаттығу. Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.
Сен Қазақстанның қай аймағында тұрасың?
2.
Туған ауылыңда (қалаңда) қандай құстар бар?
3.
Қыран құстар жайлы телебағдарламалар көресің бе?
23-жаттығу. Мәтінді оқыңыздар. Сирек кездесетін аң-құс туралы
мәліметтерге назар аударыңыздар, аттарын естеріңізде сақтаңыздар.
Қызыл кітап Қорықтар Қазақстанда ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап
құрылды. Қорықтарда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар,
құстар қорғалады. Бүгінгі күні ақбас тырналар саны жағынан өсіп келеді.
Ақбас тырналар қазақ даласының символы және олар өте сирек кездеседі.
Елімізде осындай әдемі құстардан басқа аты аңызға айналған қызыл
қасқыр бар. Дүние жүзіне әйгілі Қаратау арқары еліміздің оңтүстігіндегі
Қаратауды мекендейді.
(«Қазақстан Қызыл кітабынан»)