149
3.
Аялау, күту, қорғау, ұқыпты қарау, көгалдандыру.
Мәтінді оқыңыздар.
Экологиялық мәдениет – дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі
және құрамды бөлігі. Экологиялық мәдениет ұғымы экологиялық
қауіпсіздікті болжау, табиғи ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау, оның
байлықтарын дұрыс пайдалану және табиғатты жақсарту мәселелерімен
тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет адамның өмір сүру әрекетінің
рухани-адамгершілік саласына жатады.
Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан
табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап,
оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңызы зор. Табиғатты аялай
білетін әрбір азамзат елін, Отанын сүйетіндігі белгілі.
Халқымыз
табиғатты
көздің
қарашығындай
сақтаған.
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі үлгі-өнеге боларлық асыл
мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, аңыз-әңгіме
арқылы қазіргі ұрпаққа жетіп отырған. Жас ұрпақты тәрбиелеп, олардың
жеке тұлғасын қалыптастыру барысында өскен ортасы, табиғаттың
әсемдігі, көгалдандыру мәселесі негізгі әлеуметтік факторлардың бірі
болып табылады.
Дана халқымыз «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей таза,
әсем аулада өмір сүрген ұрпақтың осындай ортада өмір сүргенін мақсат
етеді. Демек, әсемдікке бала жастайынан үйренсе, онда табиғат тамашасын
да аялап, күтіп, баптап өсіруге әрекет етеді. «Адамның табиғатсыз күні
жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дейді халқымыз. Табиғат
заңдылықтарын ұғыну адамға бір міндет болса, сол ілім негізінде оның
құдіретін түсіндіре отырып құрметтеу, қорғау оның екінші міндеті екенін
аға буын жас жеткіншектердің санасына бала кезінен сіңіре білген.
Ұлттық экомәдениет қазіргі қоғамның маңызды бөлігіне айналуы
керек. Табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану
мәселелеріне қоғам назарын тарту аса маңызды. Біздің мемлекетіміз
кәсіпорын мен ұйымдардың жер қойнауларын, су ресурстарын, орман,
қазба байлықтары мен өзге де табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануларын
үнемі бақылап отырады. Қазіргі уақытта топырақтың, жер беті мен жер
асты суларының және атмосфераның ластануына тосқауыл қою маңызды.
Табиғатты аялау жұмысы әрбір Қазақстан азаматының күнделікті
демалатын ауасы мен тамағы сияқты қажеттілікке айналуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: