7-жаттығу. Мәтіннен өздеріңізге таныс сөздерді теріп жазып, олардың
мағынасын түсіндіріңіздер.
8-жаттығу. Абзацтардағы басым сөздер және сөз тіркестерімен берілген
сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар және оларды қайталап оқыңыздар.
9-жаттығу. Оқулықтың соңында берілген Оқу сөздіктерінен басым сөздер
мен сөз тіркестерінің аудармасын және мәтінде кездесетін жаңа сөздердің
түсіндірмесін қарап, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
10-жаттығу. Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Көлік
Жолаушы
Жүк
Мүлік
Қойма
Жабдық
11-жаттығу. Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А)
Көліктер жолаушыларды тасымалдау ісін жүзеге асырады.
Ә)
Байланыс – әртүрлі техникалық құралдар арқылы
ақпарат
беру және
қабылдау.
12-жаттығу. Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыздар.
Сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.