192
Алмас: - Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і
түні даланы Қызыр ата аралайды екен.
Мұрат: - «Қызыр түні» деп аталатыны сол себепті екен ғой.
Сәуле: - Қызыр дегеніміз кім?
Айсұлу: - Қызыр- адамдарға бақ сыйлайтын, ақсақал кейпіндегі
қиял- ғажайып бейне. Ол - жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен
күн нұрының символы!
Арман: - Наурызда «Бір тал кессең, он тал ек! - деп қариялар айтушы еді.
Сәуле: - Ал әйелдер «Армысың, қайырымды Күн Ана!» - деп иіліп сәлем
берген.
Арман: - Бұл күні екі ақын ортаға шығып, Жақсылық пен Жамандықтың,
Суық пен Жылының, Қыс пен Жаздың күресін бейнелеп
айтысады.
Сәуле: - Алтыбақан басында жастар түнімен ұлттық ойындар ойнаған.
19-жаттығу.
Мәтінді оқыңыздар, мазмұндаңыздар. Асты сызылған
сөздердің төменде берілген түсіндірмесімен танысыңыздар.
Ұлыс күні – қазақ елі үшін әрқашан қасиетті. Ол күні жаңбыр
жауса, «нұр жауды» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар ерекше
аппақ болады. Сондықтан оны «ақша қар» деп атаған. Осыған орай,
тілімізде сұлу қызға «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу айтылған.
Наурыз мерекесіне арнап өлең – жыр айтылған.
«Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға.
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда».
(М.Мақатаев)
Сөздердің түсіндірмесі:
1.
Қасиетті – қадірменді, қадірлі
2.
Нұр жауды – жақсылық болды
3.
Теңеу – балау, ұқсату, салыстыру
4.
Ұлыс – жаңа жылдың бірінші күні, Наурыз мейрамы
Достарыңызбен бөлісу: