1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет304/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
 
 
 
 


202 
 
№ 31 Сабақ 
 
  
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫП:  Қайырымдылық  қорлар  мен 
бағдарламалар 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:
 
Мезгіл мәнді сөйлем 
 
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар. 
 
1.
 
Қайырымдылық,    қор,    қамқор,    зейнеткер,  ұйым,  мүгедек,  жетім, 
қарт,  қасиет,  өмір,  мекеме,  тәрбие,  ұрпақ,  мүдде,  салық,  науқас, 
бейбірлестік.   
2.
 
Қайырымдылық шаралар,    қарттар үйі.  
3.
 
Ізгі,  арнайы, игілікті. 
4.
 
Ұйымдастыру, қаражат жинау, қайырымдылық жасау, көмек көрсету, 
үйрету, тәрбиелеу.  
 
 Мәтінді оқыңыздар. 
 
           
 
Қайырымдылық  –    ізгіліктің  ашық  көрінісі,  адамның  асыл
 
қасиеттерінің  бірі.
  Адам  өз  ұрпағына  қайырымдылықты  жастайынан 
үйретіп,  адамгершілік  қасиеттерге  баулуға  ұмтылады.  Адамдарға 
жақсылық  жасау,  жан-жануарларға,  табиғатқа  қамқорлық  көрсету  – 
қайырымдылықтың көрінісі.    
 
Бүкіл  әлемде  қайырымдылық    жасау  ең  өзекті  мәселелердің  біріне 
айналуда.  Мұндай  үрдіс  біздің  елде  де  бар.   Дамығын  елдерде 
кәсіпкерлердің  өздері  қайырымдылық  іс-шараларын  ұйымдастыруға 
мүдделі  болып  тұрады. Өйткені оларда  қайырымдылықпен  айналысқан 
кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. 
           Қайырымдылық  ұйымдары – Қазақстанда жалпы  қоғамның  немесе 
жеке  адамның  мүдделері  үшін  қайырымдылық  қызметін  жүзеге  асыру 
мақсатымен 
құрылған 
бейүкіметтік, 
бейкоммерциялық 
бірлестіктер. Әртүрлі  бағытта  жұмыс  істейтін  бұл  қорлардың  негізгі 
мақсаты  біреу  –  қайырымдылық  жасау,  сол  қайырымдылыққа  керекті 
қаражат жинау.
  
  
           Қазақстанда  көптеген  қайырымдылық  қорлар  тіркелген.  Олар  үнемі 
түрлі  қайырымдылық  шаралар  өткізеді.    Танымал    эстрада  әншілері  жиі 
қайырымдылық  кештерін  ұйымдастырып,  түскен  қаржыны  жетім  балалар 
үйіне аударып, өз көмектерін беруде. 
          Біздің  еліміз  –  зайырлы  мемлекет.  Елімізде  «Қарттар  үйі»  мен 
«Мүгедектер  үйі»  және  балаларды  тәрбиелейтін  «Интернат  үйлері»  бар.    
Оларды    мемлекет    өз  қамқорлығына  алған.  Осындай  мемлекетте  абзал 
жанды,  қайырымды  азаматтар  да  аз  емес.  Олар  да  жетімдер  мен 
мүгедектерге әрдайым көмек көрсетуде. Жыл сайын Қазақстанның ұлттық 
телеарнасында  "Жан  жылуы"  атты  қайырымдылық  іс-шара  марафоны 


203 
 
өткізіліп  тұрады.  Бұл  бағдарлама  негізінде  мүгедек,  науқас  балаларға  бай 
адамдар мен жеке ел тұрғындары көмек береді, есепшотқа ақша аударады. 
          Мемлекетіміздің барлық өңірлерінде қайырымдылық қорлары жұмыс 
істейді.  Бұл  қоғамдық  қорлар  науқас  балаларға  көмектесу  үшін  қаражат 
жинау,  қарттарға,  мүгедектер  мен  жетім  балаларға  мерекелік  іс-шаралар 
өткізіп, концерт қойып, арнайы дастарқан ұйымдастырып отырады. 
               
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет