1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет315/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
 
 
 
№32  Сабақ 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫП:  Бұқаралық  ақпарат  құралдары. 
Ғаламтор жүйесі 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:
 
Білік, дағды мәнді сөйлем 
  
Басым сөздер мен сөз тіркестерін  оқыңыздар.
 
1.
 
Қоғам, ақпарат, өркениет, мәлімет, ғаламтор, әкімшілік, жылдамдық. 
2.
 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары,  баспасөз  саласы,  жаңа  технология,  
халықаралық  желі,  баспасөз  тілі,  электрондық  пошта,  хабарлама 
көшірмесі.     
3.
 
Хат аламасу,  жіберу, алу, оқу, ақпарат беру.  
4.
 
Тез, кез келген, зор. 
 
Мәтінді оқыңыздар. 
          Қазақ  баспасөзі  –  бұл  түрлі  газеттер  мен  журналдар.  Орталық, 
аудандық,  аймақтық,  қалалық  және  мекемелердің  газеттері  мен 
журналдары  бар.    Олардың  бірінші  бетінде  еліміз  бен  шетелдің  негізгі 
жаңалықтары  басылады.  Ал  соңғы  бетінде  спорт  жаңалықтары,  ауа  райы, 
теледидар бағдарламалары мен әзіл әңгімелерді оқуға болады. 
          Бұқаралық  ақпарат  құралдары
 –
 арнайы  ақпараттың  көмегімен,  кез 
келген  тұлғаларға  әртүрлі  мәліметтерді  ашық  жариялауға  арналған 
әлеуметтік  мекемелер.  Қоғамда  ақпарат  берумен  газет,  радио,  теледидар, 
журнал және сондай- ақ ғылым мен әкімшілік қызметтері айналысады. 
          Қоғамның  өмір  сүруін  қамтамасыз  етудегі  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының рөлі зор.   Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты – елде 
және  шетелде  болып  жатқан  оқиғалар  жайлы  қоғамға  нақты  және 
кедергісіз 
ақпарат 
беру. 
 
  
          Қазақстан  –  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап  баспасөз 
саласындағы  БАҚ-тың  еркіндігін  қамтамасыз  етіп  келе  жатқан  мемлекет. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  мемлекеттiк  тiлде  және  басқа  да  тiлдерде 
таратылады.  Ақпарат  құралдары  бостандығының  кепілі  –  Ата  заңымыз 
және  Республика  Президенті.  Ақпарат    құралдары    қазіргі  өркениетті 
елдердің бәрінде де үлкен саяси күш болып саналады.     
          Ғаламтор  бүкіләлемдік  өрнек  немесе  халықаралық  желі
  деген  сөзді 
білдіреді
. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Ол  – күнделікті өмірімізге 
байланысты  ақпараттарды  алудағы  маңызды  құрал,  мүмкiндiгi  де  шексiз. 
 


210 
 
Себебі адам өмірдің кез келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға 
және басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие бола алады. 
Ғаламторды  пайдаланушылар  ақпаратты  халықаралық  желіден  қалаған 
уақытыңда  алып,  оны  оқып,  тиісті  жерлерге  жібере  алады.      Ғаламторда 
көптеген  мәліметтер  жинақталған.  Одан  балама  ақпарат  көзін  де  табуға 
болады. 
            Қазіргі  кезде  электрондық  пошта  кеңінен  қолданылып  келе  жатыр. 
Электрондық поштаның ең  елеулі  ерекшелігі  –  оның жылдамдығы.    Оған 
қоса  мұнда  хабарламаның  көшірмесі  жазбаша  түрде  жеткізілетіндіктен, 
оны сақтап қоюға, бірден бірнеше адамға жіберуге немесе ары қарай тағы 
да басқаларға  жеткізуге  болады.  Электрондық поштаның хаттан    басқа да 
сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, бағдарлама тағы басқа да ақпарат түрлерін   
тасымалдай  алатын  мүмкіндігі  бар.  Осылардың  бәрі  де  жер  шарының  кез 
келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет