211
8-жаттығу.
Абзацтардағы басым сөздер және сөз тіркестерімен берілген
сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар және оларды қайталап оқыңыздар.
9-жаттығу.
Оқулықтың соңында берілген Оқу сөздіктерінен басым сөздер
мен сөз тіркестерінің аудармасын және мәтінде кездесетін жаңа сөздердің
түсіндірмесін қарап, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
10-жаттығу.
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Ақпарат
Баспасөз
Саяси күш
Хат алмасу
Халықаралық желі
Хабарлама
11-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыңыздар және сөйлемдегі асты сызылған
сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер. Осы сөздермен
сөйлем құрып жазыңыздар.
Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат
құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты – елде
және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және
кедергісіз
ақпарат
беру.
Қазақстан – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз
саласындағы БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: