260
болады.
3.
Түркістанның таңғажайып көрікті Қожа Ахмет Йасауи
кесенесі
Бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) енгізілген. Отырар аумағына
орналасқан бұл кесененің маңында 150-ден астам кішігірім қалашықтар,
қорғандар,қамалдар,
керуен-сарайлар болған, кейбіреулері б.з.д. екінші
ғасырға жатады.Кесене Әмір Темірдің бұйрығымен 1399 жылы 233 жыл
тұрған ескі құрылыстың орнына салынып, мұсылмандардың қасиетті
орындарының бірінеайналды.
4.
Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесененің биіктігі
–40 метр. Қазақ хандарының резиденциясы сақталған орталық залда
арнайы мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны саналатын
мұсылман елдері ішіндегі ең үлкен ыдыс – Тайқазан. Ол жеті металл
қоспасынан
жасалған.Ең қызық археологиялық ескерткіштер IX-XII
ғасырлардағы қараханидтер кезеңіне жатады. Ұлы Жібек жолы өркендеп
келе жатқан кездегі әйгілі Отырар қаласы археологиялық қазбалар
арқасында тарихи-мәдени
қорық
болып, атақты туристік нысанға
айналды.Сонымен бірге мұнда тамаша тарихи мұражай
нысандары
да бар.
XII-XХ ғасырға жататын Арыстан баб ескерткіші атақты, киелі көріпкелге
арналған.Сондай-ақ әлемдегі жалғыз мұра Айша бибі кесенесі –
ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Ол ХІІ ғасырда
салынған. Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі.
5.
Соңғы он жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге
ұшырап, жаңа үлгілері жасалды.Тек Астана мен Алматы қалаларында ғана
емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында да көз тартар
тұрғын үйлер, офистер, банктер, мәдени ескерткіштер, спорт кешендері
мен басқа да ерекше ғимараттар салынды.
Достарыңызбен бөлісу: