252
–
Мақаланың бірінші мәтінін оқыңыздар.
–
Мәтін ішінен нанотехнологияның зерттейтін объектілерін, оның көмегімен
алынатын наноматериалдар жөніндегі ақпарат берілген сөйлемдерді
көшіріп жазыңыздар.
–
Өздеріңіз Интернет материалдарынан нанотехнологияның өндірісте
құрылыс материалдарын жасау, түрлі қатерлі ауруларды емдеуге қажетті
құралдар жасау және т.б. күделікті тіршіліктегі, адамға қатысты пайдасы
жөнінде қысқаша мәтін құраңыздар.
–
Қазіргі білім саласында, оның ішінде оқу үдерісінде пайдаланылып жатқан
жаңа инновациялық технологиялар жайында әңгіме сұхбат құрыңыздар.
–
Мақала тақырыбын қайталап оқып, «Нанотехнология - өндірістің ертеңі»
ұғымына жауап іздеп, өздеріңіздің ойларыңызды ортаға салыңыздар.
–
Мақаланың екінші мәтінін оқыңыздар. Бұл мақалада автор нанотехнология
негіздерін мектепте оқыту мәселесін көрерген.
–
Ол қандай мәселе? Мәтін ішінен оның жауабын іздеп тауып, өзара
пікірлеріңізбен бөлісіп, полилог түрінде әңгімеге араласыңыздар.
–
Тірек сөздер мен сөйлемдерді пайдаланыңыздар:
жаратылыстану пәні, оның қажеттілігі;
инновациялық технологиялардың әлеуеті:
мектепте жаңа технологияларды қолдану әдістері мен тәсілдерін
жетілдіру.
–
Мақала авторы кім? Ол қайда жұмыс істейді және оның атақ-дәрежесі
туралы не білесіздер?
–
«Бәсекеге қабілетті білімді маман» тақырыбына эссе жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: