1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


№7 Тақырып:  Әлемнің ең үздігі!



Pdf көрінісі
бет345/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
№7 Тақырып:  Әлемнің ең үздігі! 
 
         Отандасымыз 
Ұлыбританияның  Манчестер  қаласында  өткен 
таэквондодаң  әлемдік  Гран  –  при  (  WTA  Grand  Prix)    турнирінің  кезекті 
кезеңіндегі  жеңісінен  кейін  осындай  дәрежеге  қол  жеткізіп  отыр.  58  кило 
салмақ  дәрежесінде  сынға  түскен  спортшымыз  финалда  Испания  сенім 
артқан  Жезус  Тортос  Кабрерадан  басым  түсті.  Нәтижесінде  Мамаев 
жаһанның ең үздік  таэквондошысының арасынан үздік шығып, абсолютті 
әлем чемпионы атанды. 
        Айта  кетейік,    жастағы  Нұрсұлтан  Мамаев  бұған  дейін    жылы 
Сингапурде  өткен  жасөспірімдер  олимпиадасында  және  2014  жылғы 
Оңтүстік  Кореяның  Инчхон  қаласында  жалауы  желбіреген  жазғы  Азия 
ойындарында  күміс  медальды  мойына  тақты.  Одан  бөлек,  биыл  жазғы 
Универсияда  мен  VI  Дүниежүзілік  армия  ойындарында  чемпион  атанды. 
Сондай – ақ , 2012 жылғы Лондон Олимпиядасында ел намысын қорғаған 
саңлақ  көптеген  халықаралық  рейтингтік  турнирлерде  бірнеше  рет  топ 
жарып, жүлдеге ілікті.  
 

 
Тақырыпты  дауыстап  оқыңыздар.  Мәтін  тақырыбына  қатысты  қандай 
сөздер бен сөз тіркестері есіңізге түседі.  
 

 
«Үздік»  сөзінің синонимдік қатарымен таныс болыңыздар.  
үздік  -  озат, екпінді, озық 
 

 
Үздік  сөзінің  синонимдік  қатарларын  пайдаланып,  мақала  тақырыбын 
ауыстырып көріңіздер, тақырыптың аты өзгере ме? Дәлелдеңіздер. 
Әлемнің ең озығы! 
Әлемнің ең озаты! 
Әлемнің ең екпіндісі! 
 

 
Мақала тақырыбының жоғарғы жағында «Бәрекелді!» деген сөз жазылған. 
Сіздер сөйлеу әдебі түрлерімен таныссыздар, олай болса, «бәрекелді» сөзі 
қандай ситуацияда айтылады. 
 

 
Мақаланың  жоғарғы  жағында  берілген  қысқаша  түсініктемені  оқыңыздар 
және  ондағы  кірме  сөздердің  астын  сызып,  оны  тірек  сөздер  қатарында 
әңгіме не жөнінде болатынына өз ойларыңызды білдіріңіздер.  


242 
 
 
Қазақстандық таэквондошысы, 
Қорғаныс министрлігі   
 

 
«Әлемнің  ең  үздігі!»  атты  мақаланы  кім  жазған?  Ол  қай  газетте 
жарияланған?  Сіздер  болжам  жасаңыздар.  Бұл  мақаланы  қандай  айдарға 
жатқызуға болады: 
Хабарлама 
Ақпарат толқыны 
Өткен апта өрнектері 
Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмассың 
Уақыт ешкімді тоспайды 
 

 
Мәтіннің  бірінші  абзацын оқыңыздар.  Төменде  берілген  сұрауларға  жауап 
беріңіздер: 
Таэквондошылардың әлемдік турнирі қай елде өткен еді? 
Қазақстандық спортшы қандай салмақ дәрежесінде сынға түскен еді? 
Осы  турнирдің  Гран-при  жүлдесіне  ие  болған  Нұрсұлтан  Мамаев    пен 
сынға түскен шетелдік таэквондошы кім еді? 
 

 
Мақаладағы    «    .  .  .  Мамаев  Жаһанның  ең  үздік  30  таэквондошысының 
арасынан  үздік  шығып,  абсолютті  әлем  чемпионы  атанды  деген  сөйлемді 
оқып,  бүгінгі  заманауиқолданыстағы  белсенді  сөздерді  теріп алып,  шағын 
сұхбат құрыңыздар 

 
Екінші  абзацты  оқыңыздар.  Ондағы  сан  есімдер  мен  ел  атауларын 
жазыңыздар және жазылу ерекшелігіне назар аударыңыздар.  
 

 
Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен таныс болыңыздар. 

 
Кітаптың соңында берілген Оқу сөздігінен аудармасын қараңыздар. 
жасөспірімдер олимпиядасы 
жалауы желбіреу 
ел намысын қорғау 
топ жару 
жүлдеге ілігу 
 
          Сіздерге «жасөспірім» сөзі таныс болуы керек. 
«
Жасөспірім» деп қай 
жастағы балаларды айтады: 
5   -   7 жас 
12  -   15 жас 
15  -    20 жас 
 

 
Еліміздегі  жалауы  немесе  Туы  қандай  салтанатты  жиындарында 
желбірейді?  Не үшін? Сіз бейбіт өмірде ел намысын қорғау үшін не істер 
едіңіздер? 


243 
 
 

 
«Саңлақ»  сөзінің  түсіндірмесін  оқыңыздар  және  мақала  мазмұнын 
баяндауда белсенді қолданыңыздар. 
 
Саңлақ  -  асқан өнер, талап иесі, жүйрік, ұшқыр 
 

 
Сіздердің өмірдегі саңлақ, талап иесі достарыңыз бар ма? Олардың қандай 
жеңістерімен мақала аласыздар?  
 

 
Жұп  болып  сұхбат  құрыңыздар.  Абзацтың  соңғы  сөйлемін  оқып,  аударма 
жасаңыздар.  Ол  үшін  «тор  жарған»  сөзінің  түсініктемесін  естеріңізде 
сақтаңыздар. 
 
Топ жарған  -  бір іс, бір мақсатта, бір мүддеде топтасқан адамдар 
 
Сөйлем:
  Сондай-ақ  2012  жылғы  Лондон  олимпиадасында  ел  намысын 
қорғаған  саңлақ  көптеген  халықаралық  рейтингтік  турнирлерде  бірнеше 
рет топ жарып, жүлдеге ілікті. 
 

 
«Әлемнің ең үздігі!» тақырыбына сұхбат құрыңыздар. 
 

 
Мәтін мазмұнын беретін 5 ең таңдаулы сөйлемдер құрып жазыңдар  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет