ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу.
Сөздерді буынға бөліп жазып, қатаң дауыссыз
дыбыстардың астын сызыңыздар. Бір буынды сөздерге көңіл
аударыңыздар.
Үлгі:
кө+шу
көз, көшу, күн, қазақ жері, қуатты, мақсат, мал, мол, мүмкіндік (мұрсат),
мыс, нарық, отыз үшінші, пайда, таң
2-жаттығу.
Етістіктерді шақ (осы, келер, өткен) түрлеріне бөліп
жазыңыздар.
Етістіктер:
жасаған, дамиды, өседі,
өндіріп жатыр, өркендейді,
жетіледі, жұмсалған, жинақталады, дамып жатыр, жұмсалады, орын алады,
құрылды,
қамтамасыз етеді, гүлдендіреді,
ерекшеленді
3-жаттығу.
Сөйлемдегі етістіктерге шартты рай жұрнақтарын
жалғап жазыңыздар.
Үлгі:
Мұнай өңделсе, пайда көп болады
1. Еліміз шикізат әлеуетін мүмкіндігінше пайдалан____, экономикасы
қарқынды дами түсер еді.
2. Қазақстанда малды көп өсір___, ауылшаруашылығы өнімдерін
экспортқа шығару мүмкіндігі мол болады.
3. Қазақстанда жұмыс орны көбей____, жұмыссыздық азаяды.
4. Денсаулықты жақсартқыңыз кел___, алдын-ала тексеруден өтіп тұру
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |