64
зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылымға жаңа инновациялық бағыттағы
жобалар енгізілуде.
Олар: физикадағы – ядролық, ғарыштық және нанотехнологиялық
бағыттар,
биологиядағы
–
биотехнология,
математикадағы
–
математикалық модельдеу, ақпараттық технологиялардағы – жасанды
интеллект мәселелері.
Бүгінгі күнде танымал ғалымдар биотехнология, нанотехнология,
физика-химиялық және биология салаларындағы өзекті мәселелерді шешу
мақсатында ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер
және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастыруда. Осы салаларда жемісті
еңбек етіп жүрген танымал ғалымдарымыз да жетерлік. Мәселен, осы
салада ғалым Темірбай Дарқанбаевтың есімі белгілі. Ол 30 жыл биохимия
және энзимология пәндері бойынша лекция оқып, алғашқы рет қазақ
тілінде биохимия курстарын ашты. Ол – биохимик, физиолог, микробиолог
кадрларын дайындауда үлкен үлес қосқан ірі ғалым және керемет ұстаз.
Математика саласында Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының есімі
танымал. Ол – ғалым, физика-математика ғылымының докторы,
профессор, Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі. Асқар
Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының
когомология теориясына арналған.
Асқар Жұмаділдаев Германиядағы
Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып,
Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында және тағы
басқа институттарда қызмет атқарып, лекциялар оқыған.
Достарыңызбен бөлісу: