4-жаттығу. Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А) Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық
үдерістерді жандандырып, өнеркәсіп саласына жаңа технологиялар енгізіп
жатыр.
Ә) Елімізде менеджмент, маркетинг және басқа да салаларда
жоғарғы білікті мамандар да жеткіліксіз.
5-жаттығу. Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканы тауып, астын
сызыңыздар. Сөздің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының басты мақсаттары
- білім-ғылым мен өндірісті дамыту болып табылады. Соңғы жылдары
ғылыми-зерттеу жобаларының көлемі өсіп, іргелі әрі қолданбалы ғылыми-
зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылымға жаңа инновациялық бағыттағы
жобалар енгізілуде.
Олар: физикадағы – ядролық, ғарыштық және нанотехнологиялық
бағыттар,
биологиядағы
–
биотехнология,
математикадағы
–
математикалық модельдеу, ақпараттық технологиялардағы – жасанды
интеллект мәселелері.