1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет109/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Түсіндірме сөздік 
 
1-жаттығу. 
Келесі сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
 
 
Еңбек   
Жалақы 
Жұмыскер 
Еңбек демалысы 
Еңбек тәртібі 
  
2-жаттығу. 
Сөйлемдерді  оқыңыздар  және  сөйлемдегі  асты  сызылған 
сөздердің  мағынасын  түсіндіріңіздер.  Осы  сөздермен  өздеріңіз  сөйлем 
құрыңыздар. 
 
 Еңбек  –  адам  мен  қоғамның  өмір  сүру  және  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  үшін  қажетті  материалдық,  рухани  және  басқа  да 
құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Әркімнің еңбекті еркін 
таңдауға  немесе  еңбекке  еркін  келісуге  құқығы  бар,      кәсіп  пен  қызмет 
түрін  таңдау  құқығына  ие.  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасы 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. 
 
3-жаттығу. 
Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер. 
 
А)  Жұмыскер  –  жұмыс  берушімен  еңбек  қатынастарында  тұратын  және 
еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. 
 
Ә)    Жұмыс  орны  –  жұмыскердің  еңбек  қызметі  процесінде  еңбек 
міндеттерін  орындауы  кезінде  оның  тұрақты  немесе  уақытша  болатын 
орны. 
 
4-жаттығу. 
Сөйлем  ішіндегі  белсенді  лексиканы  тауып,  астын 
сызыңыздар.    
 
 Еңбек 
қатынастары  –  Қазақстан  Республикасының  еңбек 
заңнамасында,  келісімдерде,  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жұмыскер  мен 
жұмыс  берушінің  арасында  туындайтын  қатынастар.  Жұмыскер  –  жұмыс 
берушімен  еңбек  қатынастарында  тұратын  және  еңбек  шарты  бойынша 
жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға. 
 
5-жаттығу. 
Сөйлемді толықтырыңыздар. 
 
Жұмыскер еңбекті белгілі бір _____  ______ жүзеге асырады. Жұмыс 
орны  –  жұмыскердің  еңбек  қызметі  процесінде  еңбек  _______  орындауы 
кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны. Орындаған жұмысы 


72 
 
үшін  ________  (жалақы)  алады.  Жалақы  дегеніміз  –  жұмыскердің 
________,  орындалатын  жұмыстың  күрделілігіне,  санына,  сапасына  және 
жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет