1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет169/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
      
   
Көп тілді республиканың бірі  – Қазақстан. Біздің республикамыздың 
мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі.  Қазақ  тілі  –  түркі  тілдерінің  бір  тармағы. 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  азаматтары  мемлекеттік  тілді  үйренуде.     
Қазақстанда  130-дан  астам  өзге  ұлт  өкілдері  тұрады.  Қазір  оларға   
мемлекеттік тіл  жеделдетіп үйретіліп жатыр.  Бүгінде заман талабына сай 
бірнеше тілді меңгерген жастар өте көп. 
         Мәдениет  –  белгілі  бір  халықтың  қол  жеткен  табыстары  мен 
шығармашылығының жиынтығы. Мәдениет – адамдық өркениеттің белгілі 
бір  саласының  жетілу  деңгейі  (сөйлеу  мәдениеті,  еңбек  мәдениеті,  кұқық 
мәдениеті және т.б.).  Адамдарсыз мәдениет жасалмайды. Адамның дамуы 
мәдениетке  байланысты. Мәдениет  материалдық  және  рухани:  бірі  –
материалдық өндірістің, екіншісі – рухани өндірістің өнімі деп қаралады.  
         Өнер  дегеніміз,  ең  алдымен  –  әдемілік.  Өнер  әрдайым  әсемдіктің, 
адамдықтың, жақсылықтың жаршысы болуы тиіс.
 
 Өнер  – өмір шындығын 
көркем  бейнелер  арқылы  жеткізетін  адам  іс-әрекеттерінің  түрлері.  «Өнер 
алды  –  қызыл  тіл»  деген  халық  даналығы  өнерпаз  қауымның  дәстүрлі 
қағидасына  айналды.   Өнердің  мақсаты  –  дүниені,  адам  өмірін,  қоршаған 
ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.  
          Адамның  көркем  шығармашылық  әрекеті  сан  алуан  қалыпта  дамып, 
ол  өнердің  түрлері,  тектері, жанрлары ретінде  таратылады.  Сөз  өнері  
іштей  –жазба  әдебиет, ауыз  әдебиеті болып  бөлінсе,  музыкылдық  өнер  – 
вокалдық, аспаптық 
музыка түрлеріне 
бөлінеді. Сахналық 
өнер – 
драмалық, музыкалық, қуыршақ, эстрада, цирк  және т.б. болып жіктеледі. 
Ауыз  әдебиеті  –  эпос, лирика, драма сияқты  тектерге  бөлінуімен  қатар, 
бейнелеу 
өнері 
– 
портрет, пейзаж, натюрморт, сахна 
өнері, комедия, трагедия, водевил және т.б. жанрларға бөлінеді.     
Қазақтың  ұлттық  жазба  әдебиетінің  негізін  салған  –  Абай. 
Ұлтымыздың  классик  ақындары  мен    жазушыларының  шығармаларында 
ғылым-білім,  өнер,  қоғам,  мәдениет  мәселелері  сөз  болады.  Өнердің 
саңлақтары,  ұлы  тұлғалары  қазақ  мәдениетінің  өркендеуіне  өз  үлестерін 
қосқан.  Солардың  қатарында  халық  суретшісі,  бейнелеу  өнерінің  шебері 
Әбілхан  Қастеев  бар.  Белгілі  режиссер  Шәкен  Айманов    кино  өнерін 
дамытты. Күләш Бәйсейітова –  опера өнерінің жұлдызы.  Ахмет Жұбанов  
музыка өнерінің негізін салды.  
Қазақстанның  халық  әртісі  Роза  Рымбаева  қазақтың  эстрадалық 
әндерін  дүниежүзіне  танытты.  Айман  Мұсаходжаева  мен  Жәния 
Әубәкіровалар  –  әлемнің  классикалық  музыкасына  үлес  қосқан  өнер 
адамдары.  Бүгінгі  күні  қазақ  халқының  кино  өнері  жақсы  дамып  келе 
жатыр  және  үлкен  ізденістерге  толы.  Олардың  қатарында  «Мұстафа 
Шоқай»,  «Қыз  Жібек»,  «Көшпенділер»,  «Жау  жүрек  мың  бала», 
«Бауыржан Момышұлы» фильмдерін атауға болады. 


117 
 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет