1-жаттығу. Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқып және оның тақырыбын
айтыңыздар (сөздерді бірнеше рет қайталап оқыңыздар).
2-жаттығу. Басым сөздер мен сөз тіркестерін баяу (жартылай дауысты)
оқып шығып, мәтінге қарамай, оларды дыбыстаңыздар.
3-жаттығу. Мәтін тақырыбын оқып, ондағы мәселені талқылау үшін
қажетті сөздерді теріп жазыңыздар.
Өрнек: тіл, ...
4-жаттығу. Сөздер құрамынан түсіп қалған әріптер мен дыбыстарды тиісті
орнына қойып, дауыстап оқыңыздар.
м ... дениет, өн ... р, ән ... і, ж...лдыз, с...згер, са...на, ...ртіс
5-жаттығу. Мәтін ішіндегі сөйлемдерді оқып, ондағы кірме сөздерді
тауып және оны ана тіліңіздегі қолдану аясымен сәйкес келе ме,
анықтаңыздар.
6-жаттығу. Лексикалық бірліктерді мәтін ішінен тауып және мәтінде не
жөнінде әңгіме болатыны туралы жорамал сұрақтар (2-3) жазыңыздар
(мәтінді оқымай тұрып).