1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


-жаттығу.  Септік жалғауын  жалғаңыздар



Pdf көрінісі
бет17/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

6-жаттығу.  Септік жалғауын  жалғаңыздар. 
 
Септік 
Жайық өзені 
Астана қаласы 
   Ел табиғаты 
Атау  
Ілік  
Барыс  
Табыс  
Жатыс  
Шығыс  
Көмектес  
Жайық өзені  
Жайық өзені+нің   
Жайық өзені+не  
 Жайық өзені+н 
Жайық өзені+нде  
Жайық өзені+нен   
Жайық өзені+мен  
 
 
 
 
ГРАММАТИКАЛЫҚ  ТҮСІНІКТЕМЕ:  Жай сөйлем. 
Интонация. Екпін. 
Жай сөйлем
 – бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, 
тиянақты  бір  ғана  ойды  білдіретін  сөйлем.  Құрылымы  жағынан  жай 
сөйлем  бір  сөзден  де,  екі  не  одан  да  көп  сөзден  де  тұрады.  Мысалы,  Күз. 
Күз келді. Күзде жапырақтар сарғаяды.
 
Интонация
  –  сөзді,  сөз  тіркесін,  сөйлемді  айтудағы  дауыс  мәнері, 
дауыс  ырғағы,  сөйлеудің  ритм-мелодикасы.  Интонация  —  ауызша 
сөйлеудің маңызды  элементі,  ол  жазуда  тыныс  белгілерімен  және  арнайы 
графикалық амал дармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі. 


11 
 
          Екпін
 – сөйлем ішіндегі  кейбір  сөздердің  немесе  сөз  ішіндегі 
кейбір буын, дыбыстардың басқа 
тілдік 
бөліктерден 
ерекшеленіп, 
көтеріңкі айтылуы. 
Қазақ  тілінде  екпіннің  екі  түрі  бар:  бірі  –  негізгі  екпін,  екіншісі  – 
көмекші 
екпін. 
           Қазақ  тілінде  екпін  тұрақты,  дыбыстың  соңғы  буынына  түседі. 
Мысалы:  қала,  жақсы-негізгі  екпін.  Сөзге  қосымша  жалғанса  (жалғау, 
жұрнақ), 
екпін 
соңғы 
қосымшаға 
түседі. 
Мысалы: 
қала+лар, 
қала+лар+дың,  жақсы+лық,  жақсы+лық+тар+дың  сөздерінде  негізгі  екпін 
соңғы  буынға  көшеді,  ал  түбірдегі  екпіннің  орны  көмекшілік  қызметін 
атқарады.  
Екпін түспейтін буындар: 
1. Жіктік жалғауы (Личные окончания). Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың, 
келе+ді т.б. 
2. Шылау сөздерге (Союзы и частицы): да, де, мен, пен, бен,үшін т.б. 
Мысалы: Үй де, мал да аман. 
3. Көмекші сөздерге (Вспомогательные слова): -ғой, –дейін, –шейін, - соң 
т.б. 
Мысалы:Үйге дейін келдім. Мен ғой мектепте болдым. 
4. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату 
мәнін білдіретін –дай,-дей,-тай,-тей,-лай,-лей, және, ша, ше  жұрнақтарына 
екпін түспейді. (Ударение не падает на суффиксы уподобления, которые 
присоединяются к именным частям речи и к причастиям). Мысалы: 
үй+дей, бала+дай, келген+дей, айтқан+ша 
5. Етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш білдіретін  –шы, -ші 
қосымшасына екпін түспейді. (Ударение не падает на аффиксы –шы-ші-, 
которые присоединяются к глагольным формам, выражающим просьбу, 
пожелание). Мысалы: айт+шы, көр+ші, барайық+шы т.б. 
 
6-жаттығу. 
Сөйлемдердің  соңына  қажетті  тыныс  белгілерін  қойып 
жазыңыздар.  Айтылу  мақсатына  қарай  (хабарлы,  сұраулы,  лепті)  жай 
сөйлемнің қай түрі екендігін анықтаңыздар.  
 
Қазақстан  Республикасы    Еуразия  құрлығының  дәл  ортасында 
орналасқан  Орталығы  –  Астана  қаласы  Астана  –  әсем  қала    Қазақ  жері 
Ресей,  Қытай,  Қырғызстан,  Өзбекстан  және    Түркіменстан  елдерімен 
көршілес  орналасқан  Батысында  –  Жайық  өзені,  шығысында  –  Алтай 
таулары,  солтүстігінде    –  Батыс  Сібір  ойпаты,  оңтүстігінде    –  Алатаумен 
шектеседі  Қазақстанның  әлеуметтік  саясаты  адамның  халықаралық  және 
ұлттық  заңнамада  көзделген  құқықтарын  қорғау    ең  басты  міндет  болып 
табылады  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет