табиғат байлығын қорғау мәселесі ең
негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
13-жаттығу. Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыздар.
Сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Ұлы дала қазба байлықтарына – мұнай, газ, алтын, мыс, темір, көмір
бай. Қазақстанның жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың
түрі бар. Оның ең басты байлығы – түсті және қара металдар. Бүгінде ол
өзінің аймағында өндірілетін алтын, мыс, мырыш, жез, темір, уран,
қорғасын, қалайы, никель, вольфрам сияқты қазба байлықтарымен
дүниежүзіне танылған. Сондай-ақ республикамызда тас көмір мен қоңыр
көмір, мұнай мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп.