133
19-жаттығу.
Төменде берілген сызбаны толықтыра отырып, әңгіме
құрыңыздар.
Табиғат
зиянды зат
экологиялық мәселелер
орман
күкірт
ауаның ластануы
20-жаттығу.
Мына сөздердің синонимдерін жазыңыздар.
табиғат
қорғау
бақылау
кірлеу
апат
өңір
өмір
21-жаттығу.
Мына мақал-мәтелдің қайсысы тақырыпқа сәйкес келеді?
Неліктен?
Судың да сұрауы бар.
Тамшы тама берсе, дария болады.
Сулы жер – нулы жер.
22-жаттығу.
Диалогті оқып, монологке айналдырыңыздар.
Дарын: - Ынтымақ, мен соңғы кезде экология мәселесі туралы көп
естимін. Біздің елде табиғатты қорғау ісі жүріп жатыр ма?
Ынтымақ: - Иә, табиғатты қорғау үлкен мәселеге айналып отыр.
Қазақстанның эколог мамандарының айтуынша, соңғы
жылдары жағдай жақсарып келеді.
Дарын: - Экология мәселелерімен кімдер айналысады?
Ынтымақ: - Таяуда «Экология және табиғатты қорғау» министрлігі
құрылды. Олар табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дарын: - Жақсы болған екен. Менің ойымша, әр азамат өзін қоршаған
ортаны аялау керек.
Ынтымақ: - Әрине, Дарын. Өйткені табиғат – біз өмір сүру үшін қажет
орта.
Достарыңызбен бөлісу: