1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет198/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

 
             
 
 
 
 
 
№21 Сабақ
 
 
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАҚЫРЫБЫ:    Жануарлар  мен  өсімдіктер 
әлемі. Қызыл кітап. 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП:
 
Қалау мәнді сөйлем. 
 
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар. 
 
1.  Табиғат,  орман,  ін,  жем, флора,  өлке,  шырша,  қарағай, самырсын, 
жан-жануарлар,  құс,  сүтқоректілер,    бүркіт,  лашын,    сұңқар,  аңшы,    аң-
құстар,    қасқыр,  түлкі,  қоян,  елік,  қаз,  үйрек,  тауық,  тырна  тоғай,  бұта, 
жәндік. 
2.  Далалы  аймақ,    жануарлар  әлемі,    шипалы  өсімдік,          жабайы 
мысық. 
           3.  Мекендеу, жойылып кету, өсу.  
 
   
Мәтінді оқыңыздар. 
 


136 
 
     Қазақстанның    біраз  жерін  далалы  аймақтар  алып  жатыр.  Еліміздің 
солтүстігі  –  далалы  аймақ.    Сары  далада  шипалы  өсімдіктер  мен  жан-
жануарлардың түрлері көп кездеседі.  
     Қазақстанның  көлді  аймақтарын,  тоғайлы,  бұталы  жерлерін 
мекендейтін  жануарлар  түрі  де  әралуан.  Қазір  жануарлар  дүниесі  
сүтқоректілерден,  құстар  мен  балықтың  түрлерінен  тұрады.   Дала 
жануарлары  табиғаттың  ерекшеліктеріне  икемделіп,  түсі  де  дала  бояуына 
қарай өзгереді. Даланы тышқан, қасқыр, түлкі
 
 мекендейді. Кең далада киік 
жиі  ұшырасады.  Орманды  даланың  сүтқоректілері  қатарына   қоян,   
елік кіреді. 
 
Шөл  даланың  жануарлары  ыстыққа,  шөлге  шыдамды  болуға 
бейімделген.  Олардың  біразы  күндіз  терең  қазылған  інде  жатып,  түнде 
жемін аулауға шығады. Далалы аймақтың жыртқыш құсы – бүркіт. Бұл құс 
далалы және шөлді аймақтарды мекен етеді. Қыран бүркіт –  еліміздің кең 
даласының сәні. 
     Қазақстанның  таулы  аймақтары  өсімдігі  жағынан  бай  өлке  болып 
саналады.  Батыс Тянь-Шаньда Орта  Азия  мен Жерорта  теңізінің бай 
флорасы  сақталған.  Сондай-ақ  Сырдария-Қаратау флорасы  бұдан  да  бай, 
онда  1000-нан  асатын  өсімдік  түрі,  оның  150  түрлері  кездеседі.  Бұл  
өсімдіктер  басқа  жерде  ұшыраспайды.  Тянь-Шаньның,  Алтайдың,  Жетісу 
Алатауының  тау  беткейлерінде  қылқан  жапырақты  ормандар  таралған. 
Оларда шыршалардан май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет