1-жаттығу. Төменде берілген етістіктермен сөз тіркестерін құрыңыздар.
Үлгі: экологиялық қауіпсіздікті болжау
болжау, қорғау, қарау, пайдалану, жақсарту, қамқорлық көрсету,
қалыптастыру, көгалдандыру, тарту
2-жаттығу. Сөйлемнен көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанған
қимыл атауларын табыңыздар. Осы үлгіде сөйлем ойластырыңыздар.
Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық
шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап,
оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңызы зор. Әсемдікке бала
жастайынан үйренсе, онда табиғат тамашасын да аялап, күтіп, баптап
өсіруге әрекет етеді.
154
3-жаттығу. Мәтіннен қос сөздерді тауып жазыңыздар. Тағы да қандай
қос сөздерді білесіздер, жазыңыздар.