«Адамның табиғатсыз күні жоқ» деген ойды қалай түсінесіздер?
2.
«Табиғат – сенің анаң» деп өсиет қалдырған ата-бабаларымыздың
аманатын бүгінгі жастар қалай түсінеді екен?
27-жаттығу. Монологті диалогке айналдырыңыздар.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.
Табиғат пен
адам қатар ұғым.
Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты
қасиет тұтады. Табиғат – тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау –
міндетіміз.
Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақ халқы жұлдыздарға
қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің байлығымыз, күнделікті
тынығатын сарайымыз. Табиғат – адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін
жаралған жаратылыстың сыйы. «Адам табиғаттың патшасы» деген ұғым
бар. Сондықтан табиғат адам үшін – асыл ана. Өйткені адам баласы
табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген, қажетін алып, өз пайдасына
жаратқан.