– белгілі бір ұлттың,
мәдениеттің бет-бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Қазақ
халқының ұлттық киімдері
– оның тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрінің
белгісі. Ұлттық киімдердің етек-жеңіне ою-өрнек салынады.
Қазақтың ою-өрнегі – үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар
мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Ою-
өрнектің бірнеше түрлері бар. Солардың бірі «мүйіз» деп аталады.
«Мүйіз» – қазақ оюының ең көне түрі. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ,
кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік
қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем,
сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.