20-жаттығу. Мәтінді оқыңыздар. Мазмұнын айтыңыздар.
Тайқазан Тайқазан – Түркістандағы қасиетті қазан. «Тайқазанды» Әмір Темір
жасатып, Йасауи кесенесіне сыйлаған. Оны жеті түрлі металдан жасаған,
оған 60 шелек су сияды. Қазан суы қасиетті деп танылған. Тайқазанның
салмағы 2 тонна, биіктігі 160 см, көлемі 242 см. Оның қабырғаларында
өсімдік тәріздес өрнектер мен араб әрпімен оюланып құйылған жазулары
бар.
Тайқазанның сыртында «Алла» және «Бақытты болыңыз» деген
сөздер 14 рет жазылған.
Халқымыз және қаланың қонақтары бұл көне ғасыр ыдысын ерекше
құрметтейді. Тайқазан – бірліктің, татулықтың белгісі.