12-жаттығу. Екі сөйлемді оқып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.
А)
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшты. Ол 50-ден астам жаңа
ұшақтарды сынақтан өткізді.
Ә)
Талғат Мұсабаев – Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.
13-жаттығу. Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыздар.
Сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Байқоңыр – ғарыш алаңы, ол Қызылорда облысы Қармақшы
ауданының
аумағында
орналасқан.
Іргесі
1955
жылы
қаланған. Байқоңырдың ұшу жолы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін
созылып жатыр. Қазір оның аумағы өте үлкен.