20
А) Еліміздегі құқық қорғау органдары мен әділет, кеден, сот
жүйелері адамды тонау, сыбайлас жемқорлық, пара алу, көшедегі
қылмыстар, тәртіп бұзушылықты жою мақсатындағы іс-шараларымен
айналысады.
Ә)
1992 жылы «Ұлан» республикалық гвардиясы құрылды.
4-жаттығу.
Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканың астын сызыңыз.
Ондағы ойды өз сөзіңізбен түсіндіріңіздер.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін
құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әртүрлі органдар
құрылады. Олар: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары,
прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт,
санитарлық, қаржы және т.б.,) сот органдары, адвокатура, нотариаттар,
кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің
қызметі және т.б.
5-жаттығу.
Сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыздар.
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының ......
....... әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы
әскерлердi, ..... , әскери оқу орындары мен ...... ........... қамтиды. Қарулы
Күш Қазақстан Республикасының ....... ............ , Қазақстан
Республикасының мемлекеттік ........... немесе аумағын, маңызды әскери
нысандарды ........ және бiтiмгершiлiк операцияларға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: