2-жаттығу.
Етістіктердегі грамматикалық форманың қолдану тәртібін
түсіндіріңіздер.
жұмыс істейді, тапсырыла бастады, беріледі, беріліп келеді, қоса
тапсырылады, болып саналады, төленеді
3-жаттығу.
Мәтіннен алғашқы сыңары «қандай?» сұрағына жауап беріп
тұрған сөз тіркестерін (анықтауыштық қатынас) тауып жазыңыздар.
Үлгі:
мемлекеттік (қандай?) наградалар
4-жаттығу.
Марапат атауларының жасалу тәсілдерін анықтаңыздар.
Үлгі:
«Алтын Қыран» ордені, тіркесу жолы
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ: Себеп салдар мәнді
сөйлем.
Себеп салдар жалғаулықтар (
себебі, өйткені, сондықтан, сол
себепті)
және т.б тәсілдер арқылы жасалуы.
5-жаттығу.
Төмендегі шылауларды қолданып, «Халықаралық сыйлықтар»
тақырыбына полилог құрыңыздар.
себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті
6-жаттығу.
Берілген құрылым бойынша сөйлемдер құрастырыңыздар.
1.
жай сөйлем + , себебі жай сөйлем
2.
жай сөйлем + , өйткені жай сөйлем
3.
жай сөйлем + , сондықтан жай сөйлем
4.
жай сөйлем + , сол себепті жай сөйлем
Үлгі: Ол адамдардың өмірін сақтап қалу үшін отпен күресті,
сондықтан оған «Ерлігі үшін»
марапаты берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |