267
ҚР Үкіметі 2014 жылыдың мамырында Қазақстан Республикасының
турристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын
бекітті. Тұжырымдаманың қабылдануы еліміз үшін туризмнің аса маңызды
екенін білдіреді және қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалануға даңғыл
жол ашатын маңызды қадам болып табылады. Бұған дейін, яғни 2010
жылы 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасындағы туристік
индустрияның негізгі бағыттарын дамыту жөніндегі бағдарлама
қабылданған болатын. Бұл бағдарламаны орындау мерзімі 2014 жылы
аяқталды және оның нәтижелері жоғарыда айтылған тұжырымдамада
белгіленген міндеттерді орындауға мүмкіндік берді. Осылайша, елімізде
туризмді кең ауқымда дамытудың нормативтік-құқықтық базасы жасалды.
(Жетісу. 5 сәуір 2016 жыл №39)
–
Мақала қай газетте жарияланған?
–
Мақала газеттің қай нөмірінде басылған?
–
Мақаланың тақырыбына қатысты естеріңізге қанша сөз түседі?
–
Сөздердің тізімін беріңіздер.
–
Синонимдік қатарларын беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: