35
Етістіктер:
сатып алу, сату, қарыз беру, бару, көмектесу, ашу, салу,
пайдалану, кеңесу, даярлау
5-жаттығу.
Белсенді лексиканы кесте бойынша үш топқа бөліп
жазыңыздар.
банкі, ақша, ауыстыру, несие, алу, заманауи, жабдық, қабырға, ақпарат,
халықаралық, төлемақы, бағам, ақпарат, интернет-кафе, жылдамдық,
пікір, қарыз, беру, сауда, жүйе
Жуан түбірлі сөз
Жіңішке түбірлі сөз
Жуан және жіңішке
буынды сөздер
ұлттық
теңге
қызметкер
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕ: Сан-мөлшер
категориясы
Көптік ұғымы мынадай жолдары арқылы беріледі:
а) Көптік ұғымды сөздің лексикалық мағынасы арқылы білдіру
лексикалық тәсіл деп аталады.
Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы
бірнешеу:
- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, ұн т.б.).
- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б.).
- әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары (көбелек, қоңыз, түлкі т.б.).
- өсімдік аттары (арпа, сұлы, жусан т.б).
- адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-
әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілікт.б.).
ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік
тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық,
бірталай жыл т.б.
б) Көптік мағына зат есімдерге көптік жалғаулардың қосылуы
арқылы жасалады: - лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер), мысалы: дәріс+тер,
студент+тер.
Достарыңызбен бөлісу: