37
3. Қадағалау, қатынас жасау.
Мәтінді оқыңыздар.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген елдермен қарым-
қатынас құра бастады. Еліміз осы елдерде өзінің елшіліктері мен
консулдық ашты. Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Ресейде,
Қытайда және т.б. еуропа мен азия елдерінде елшіліктер өз мәмілегерлік
қызметтерін атқаруда. Осы елшіліктердің белсенді қызметінің арқасында
экономикалық, халықаралық, сондай-ақ мәдени қарым-қатынастар
орнатылып, түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Бүгінде ел Президенті әлемнің бірнеше елдеріне ресми сапар
жасады, халықаралық басқосуларға қатысты. Әлемнің жетекші елдеріне –
Австрияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа, Германияға, Францияға, Жапонияға,
сондай-ақ Үндістанға, Пәкістанға, Қытайға және басқа елдерге ресми
сапармен барып, стратегиялық әріптестікті орнатты. Бұл сапарлар
Қазақстанның сыртқы саясаты үшін маңызды оқиғалар болды.
Елбасының тікелей араласуымен және қадағалауымен Сыртқы істер
министрлігін қалыптастырудың құқықтық, әлеуметтік-саяси және кадр
мәселелері оң шешімін тапты.
Бүгін Қазақстан – дүние жүзі мойындаған әлемдік қауымдастықтар
мен ұйымдардың теңдей мүшесі. Қазақстан әлемдегі 215 елдің 170-тен
астамымен сауда-саттық қатынаста. Оның тәуелсіздігін 180 ел мойындады,
130 елмен мәмілегерлік қатынас орнатты. Қазір Алматы мен Астанада 70-
тен астам елдің елшіліктері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның сыртқы
саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа
елдермен экономикалық, ғылыми-техникалық қатынасты қамтамасыз етуге
бағытталған. Халықаралық кеңістіктегі жағдай республика үшін өте
қолайлы.
Қазақстанның халықаралық қатынасы беделді халықаралық
ұйымдармен барған сайын ұлғая түсуде. Олар: Біріккен Ұлттар Ұйымы
(БҰҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Еуропа одағы, Халықаралық
және Еуропалық қайта құру банкі, Халықаралық валюта қоры, Ислам
конференциясы ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ),
Еуразиялық экономикалық одақ және т.б.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
Достарыңызбен бөлісу: