ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу. Үлгі бойынша сөйлем құрыңыздар, етістіктердің жасалу
жолдарына назар аударыңыздар.
Үлгі:
орындайды
Осы ұйымдардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы
талаптарын орындайды.
Қажетті сөздер: қатысу, демалу, алу, еңбектену, бақылау, қорғау,
қабылдау, жазу, орындау
2-жаттығу. Сөйлемдердегі етістіктерді осы, келер және өткен шақта
беріңіздер.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ заңында адамның өмір сүру
құқығы, жеке басының бостандығы, тұрғылықты жерін өз еркімен
таңдауы, өз қалауы бойынша мамандық таңдап еңбек етуі, еңбегіне сай
ақы алу, меншік иесі болу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу,
демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары және т.б жатады.