21-жаттығу. Қонақүйлерде қонақтарға қызмет көрсетудің түрлерімен
танысыңыздар. «Қонақүй қызметшісі мен қонақ» тақырыбына диалог
құрыңыздар.
-қонақ үйде алдын ала орынға тапсырыс беру (брондау);
-қонақтарды қабылдау және орналастыру, тіркеу;
-тамақтану және тұру қызметтерін ұсыну (нөмірді жинау);
-тұрғындарға қосымша қызметтер көрсету;
-шығуда есеп беру және шығуды ұйымдастыру.
22-жаттығу. Екі абзацты оқып, оған қатысты сұрақтар тізімін
жазыңыздар.
Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени
қызмет түріне жатады. Туризм сервистік қызмет арқылы қонақ үй
шаруашылық жүйесін қалыптастырады. Қонақүй сервисін дұрыс
ұйымдастырып дамыту үшін, сервис мәдениетін дамыту керек. Қонақүй
бизнесі өте тиімді, әрі көп кіріс, пайда алып келетін бизнес болып
есептеледі.
Біздің қалаларымызда сервистері жақсы дамыған қонақүйлер өте көп.
Алматыдағы «Медеу» қонақүйі өзінің клиенттеріне жақсы қызмет
көрсетеді. Қонақүйде 2 конференция залы, 10-80 адамға арналған жоғары
дәрежелі мейманханасы бар. Кімде-кім таза ауада демалуды ұнатса, қыс
кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында сырғанауға да болады. Бұдан
186
басқа қонақүйден 30 метр жерде бассейн орналасқан. Бұл қонақүй
туристерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды.