Туризмнің дамуына қомақты инвестицияның тартылуы қажет пе?
Қалай ойлайсыздар?
2. Қазақстан туризм отанына айналуы мүмкін бе? Өз ойларыңызбен
бөлісіңіздер.
24-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
Туризм Қазақстан Республикасында жылдан-жылға дамып, қызмет
аясын кеңейтіп келеді. Соның арқасында әлемнің көптеген елдері
қатысатын Қазақстанның өзіндік туристік нарығы қалыптасуда.
Сондықтан........................................................................................
Туризм – көптеген жаңа жұмыс орны мен бюджетке қыруар қаржы
түсіретін сала.
Себебі ...............................................................................................
Қонақүй бизнесі өте тиімді, әрі көп кіріс, пайда алып келетін бизнес
болып есептеледі.
Сол себепті ........................................................................................