Үлгі:
Жаратылуда – жаратыла+р. Шипалы су мен емдік
балшығы мол көптеген жерлер зерттеліп, болашақта адам
игілігіне жаратылар.
7-жаттығу.
Төмендегі тәсілдермен болжау мәнді сөйлем түрлерін ойлап
жазыңыздар.
-ар, -ер, -р
қосымшалары арқылы
шамамен
сөзінің қолданысы арқылы
Сан есімдер мен
жуық, шамалы, шақты
сөздерінің тіркесі арқылы
Үлгі:
«Хабар» арнасына үштілде білім беру жөнінде сұхбат берермін.
Сұхбатты шашамен мамыр айының аяғында беремін. «Бетпе-бет»
бағдарламасына 50-ге жуық көрермен қатысты.
№ 29 Сабақ
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: Халықаралық мемлекеттік атаулы күн,
мерекелер. Ұлттық мейрамдар
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП: Қарсылық мәнді сөйлем
Басым сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар.
1.
Қоғам, мереке, мейрам, той, наурызкөже, гүл, сыйлық, іс-шара,
ұлыс, бата, ырыс-береке, ойын-сауық, ынтымақтастық, бірлік,
татулық, бақ-береке, тілек.
2.
Дәстүрлі мереке, салтанатты кеш, ресми жиын, ұлттық мейрам,
мемлекеттік мейрам, діни мейрам, кәсіби мейрам.
3.
Тойлау, құттықтау, атап өту.
Достарыңызбен бөлісу: |