мақсаты мен міндеттерін оқу құралын жазу барысында басшылыққа
алып, ғылымилық, жүйелілік, пәнаралық байланыс қағидаттарына
негізделген.
Оқу құралының мазмұны 32 лексикалық тақырыпты қамтиды.
Лексикалық тақырыптар әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби,
экономика, денсаулық және т.б. салаларды қамтиды.
Оқу құралында ұсынылған түрлі инновациялық жаттығулар
коммуникативтік біліктіліктің лингвистикалық, әлеуметтік тілдік,
дискурстық, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік, субъективті біліктілік
сияқты компоненттерін дамытуға бағытталды.
«Қазақ тілі» оқу құралында ЖОО білімгерлерінің өзіндік жұмысына
арналып тапсырмалар жүйеленді. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты білімгерлердің өзіндік пікірлерін
қалыптастыру, қазақ тілінде оқу, түсіну, ой қорыту, талдау жасау
дағдыларын дамытуда тиімділігі зор.
Типтік оқу бағдарламасында берілген грамматикалық тақырыптар
мәтіннің грамматикалық құрылымына қатысты жүйеленіп берілді және
пәннің мақсат, міндеттеріне сәйкес құрастырылды.
Грамматикалық жаттығулар білімгерлердің тілдік біліктілік
деңгейіне және ұсынылатын лексикалық тақырыптардың мазмұнына
қатысты жүйелі, өзара үйлесімді жүйеленді, студенттердің тілдік нормаға
сәйкес дұрыс сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берері анық. Оқу
құралында грамматикалық тақырыптар біртіндеп, сатылай күрделенеді.
Оқу
құралында қазақша-орысша тақырыптық оқу сөздігі
жинақталды.