Мәтінді оқыңыздар. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының дәл ортасында
орналасқан. Қазақстан жері батысында Жайық өзені, шығысында Алтай
таулары, солтүстігінде Батыс Сібір ойпаты, оңтүстігінде Алатауға дейін
созылып жатыр. Оның жері кең байтақ. Қазақстанның жалпы аумағы
2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақ елінің шекарасы 15 мың
шақырымнан асады. Егеменді Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
Еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан
елдерімен шекараласып жатыр. Ол жер көлемі бойынша әлемде Ресей,
Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия және тағы басқа мемлекеттерден кейін
тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның осы елдермен экономикалық
қарым-қатынасы жақсы дамыған.
Қазақстан жері Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып
бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді. Қазақстанның үлкен 14
облысы және республикалық маңызы бар екі ірі қаласы бар. Сонымен
қатар елімізде 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 7719 ауылдық мекендер
орналасқан. Аталған ауылдар мен қалаларда 17 миллионнан астам халық
өмір сүреді.
Әлеуметтік мемлекет елдің саяси және экономикалық қағидаларына
сәйкес барлық байлығын, ішкі мүліктерін, ел тұрғындарының тұрмысын
жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға, денсаулық сақтау
жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырады. Бүгінде
Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жақсы. Дұрыс қабылданған
әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
5
Қазақстанның әлеуметтік саясаты адамның халықаралық және
ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған.