аналық без дисфункциясы
157. Қозғалыстың бұзылуы, дененің жарты бөлігінде сезімталдықтың бұзылысы сияқты неврологиялық симптомдарды біріктіретін терминді таңдаңыз:
ошақтық
158. Жүкті әйелдің іш айналымы сантиметрлік лентамен өлшенеді:
горизонтальды қалыпта, кіндік деңгейінде
159. Қынаптың ІІ-ші тазалық дәрежесіне тән:
қынаптық бацилла аз, эпителиалды клетка бар, әлсіз қышқыл орта
160. Балабақшада 3 жастағы баланың дене температурасы 37,8*С: дейін жоғарлаған, мұрынның бітелуі, бетінің, төсінің, арқасының, аяқтарының терісінде, бастың шаштық бөлігісінде мөлдір құрамды сұйықтықты кіші көпіршіктер анықталды. Аңқасы аздап гиперемияланған. Қай ауруды болжауға болады?
желшешек
161. Анамнезінде бір апта бойы ауырады. Объективті қарағанда ауырсыну және интоксикациялық синдром, су-электролит бұзылыстарына байланысты жағдайы ауыр. Ішін қарағанда Валя, Шпанге. Скляров симптомдары оң мәнді. Бұл клиникаға сәйкес ауруды атаңыз:
жедел ішек өтімсіздігі
162. Дәрігер 4 жастағы балаға шақырылды. Анасының айтуы бойынша қызының ауырғанына бір апта болған, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел мазалайды. Қарауда: дене температурасы 38,9°С, қабағының ісінуі, конъюктиваның қызаруы, жас ағу, мұрыннаң шырышты бөліністер, аңкада гиперемия, жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар көрінеді. Бетінің, мойнының, құлағының артының терісінде, қол мен аяқтың жазу беткейлерінде, саусақтарында дақты папулалы сипаттағы кығылт бөртпе, қосылуға бейім. Бала балабақшаға бармайды, екпе алмаған. Қай ауру жайлы болжауға болады?
қызылша
163. Қанның резус-фактор анықтауда медбіке анти-Д-супер цоликлонын қолданды, планшетте 0,1мл циликлон және 0,01мл қанды араластырды. Нәтіжесін қанша уақыттан кейін бағалау қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |