Акушериялық жарақаттанушылықтың түрлері



Дата06.01.2022
өлшемі16,29 Kb.
#109768
Байланысты:
Акушериялық жарақаттанушылықтың түрлері


Акушериялық жарақаттанушылықтың түрлері

Босану кезінде аралықтың,қынап және жатыр мойнының ұлпаларының жарақаттануы жиі кездеседі.

Босану жолдарының ұлпалары жұмсақ босану кезінде едәір керіліп созылады.Көп жағдайларда босану жолының ұлпаларының дөрекі созылуынан,босанудың ауытқуынан,акушерия операцияларынан кейін аралық,қынап,жатыр мойны және жатыр жыртылуы мүмкін.

Босану кезіндегі ананың жарақаттар:

1.Аралықтың жыртылуы.

2.Қынаптың жыртылуы.

3.Жатыр мойнының жыртылуы.

4.Жатырдың жыртылуы.

5.Қасаға буынының ажырауы.

6.Босанғаннан кейінгі жыланкөздер.

7.Жатырдың теріс айналып кетуі.

АРАЛЫҚТЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ,СЕБЕПТЕРІ,ДӘРЕЖЕЛЕРІ.

Аралықтың жыртылуы-ең жиі кездесетін жарақат,босанған әйелдер арасында 10-12%,алғаш босанушыларда 2-3есе жиі.

Этиологиясы:

1.Жасы 30-дан асқан тұңғыш босанушы;аралығы өте жоғары орналасқан;бұрын бірнеше рет аралығы жыртылған әйелдерде жиі кездеседі.

2.Нәресте басы жамбас жазықтықтарында дұрыс орнықпағанда үлкен өлшемдермен туылғанда;бас үлкен және оның конфигурациясы жеткіліксіз болғанда.

3.Акушерия операциясында-қысқыш салудан кейін.

Аралықтың жыртылу қауіпінің белгілері:аралық көгеріп,ісініп,терісі түссізденеді-аралықты кеседі(перинеотомия).

Емі

Барлық асептика ережелерін қолдана отырып,аралықтың жыртылған жеріне тігіс салады.Бірінші және екінші дәрежесінде новокайнмен жансыздандырады,үшінші дәрежесінде наркоз береді. Тігіс салар алдында қынап айнасы арқылы жыртылған жерді анықтайды.



ҚЫНАПТЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ,СЕБЕПТЕРІ,КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ,ЕМІ.

СЕБЕПТЕРІ. Көбінде қынап қабырғаларының жеткілікті созылмауынан,дамып жетілмеуінен,бастың шалқая туылуынан,ірі нәрестеде,шапшаң босануда және аралық жыртылғанда қынап қабырғалары да жиі жарақаттанады.

ҚЫНАПТЫТЫҢ ГЕМАТОМАСЫ. Қынап қабырғасының астында кездеседі.Гематоманың мөлшері жарақаттанған қан тамырларының көлеміне және қанның ұю қасиетіне байланысты.Гематома босану ағымында акушерлік қысқыш салғанда,шапшаң немесе босану ұзаққа созылғанда пайда болады.

КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. Гематома көкшіл қара қоңыр қанды ісік.Көлемі үлкен гематомаларда қанның қызыл түйіршіктері төмендеп кейде іріңдейді.Әйелдің ыстығы көтеріліп,денесі түршігеді,ауырғаны артып,қанның құрамы өзгереді.

ЕМІ.Көлемі кішкентай гематомаларды консервативті жолмен витаминдер,антибиотиктермен,ал көлемі тез арада үлкейген гематоманы тек чирургиялық жолмен алып тастайды,қан тамырларын байлайды.Қуысты тігіп,дренаж қалдырады.

ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ.

Жатырдың жыртылуы деп жатыр қабырғаларының бүтіндігінің бұзылып, жыртылуын айтады. Егер жатырдың барлық қабаты жыртылса,оны жатырдың толық, ал егер шырышты не бұлшықет қабаттары жыртылса жартылай жыртылуы деп атайды

Жатырдың жыртылуы ең ауыр жарақат,оның жиілігі 0,005%-0,1% жалпы босанған әйелдер арасында.И.Ф.Жорданияның мәліметі бойынша бұл көрсеткіш-1000босанушылар арасында бір жатыр жыртылуы кездеседі(1960)

СЕБЕБІ. Бұл ақаудың негізгі себебін түсіндіретін екі көз қарас бар.

Бандль (1875)жатырдың жыртылу механизмін түсіндіру үшін,өзінің механикалық теориясын ұсынды.Бұл теория бойынша нәрестенің бас өлшемі әйелдің жамбас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен,жатырдың жиырылу қасиеті бұзылып,оның төменгі сегменті қатты созылып,жұқаланып жыртылады.Бұл жағдай көбінде тар жамбаста,құрсақтағы нәресте ірі болса,көлденең немесе қиғаш жатса,нәресте басы шалқая орналасқанда кездеседі.



Я.Д.Вербов (1911ж)жатырдың жыртылу механизмінің себебін-жатыр қабырғаларының қабынып дегенрациялық-дистрофиялық өзгерісиерге ұшырауынан деп түсіндірді.Мұндай қабыну кесар тілігінен кейінгі тыртықта,сондай-ақ жасанды түсіктерден кейін және жыныс мүшелерінің дамып жетілмеуінде жиі кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет