"Қазақ" газеті (قازاق) — 1918 – 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді.
Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
«Алаш» газеті - 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет. Редакторы - Көлбай Төгісұлы, шығарушысы - Мәриям Төгісова Қапсаламова. 1917 жылғы 22-санынан бастап редакторы - Т.Жанбайұлы. Кейбір зерттеушілердің еңбегіне қарағанда, осы жылы күзде газет бастапқыда Омбыға, сонан соң Петропавлға көшсе де, К.Төгісұлының белсенді саясатқа кіруіне байланысты жабылып қалады.
Бұл қайраткер «Алашты» шығарып жүргенде әлі «Үш жүз» партиясын құрыса коймаған еді. Сондықтан ол басқарған басылымға Т.Жомартбайұлы, А.Мәметұлы, Ж.Сейдалин, С.Дөнентайұлы, Ш.Айманұлы, Б.Күлейүлы, Б.Майлин, і.Жансүгіров, А.Баржақсин, Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов, Н.Құлжанова, Ж.Бабатайұлы т.б. қаламгерлер мақалаларын жариялап отырды. Мұнда ХХ ғасыр басындағы оянуларды сипаттайтын біршама еңбек бар. М.Төгісова театр туралы бірнеше мақала жазған. Саяси мәселеде К.Төгісұлы Алаш зиялылырымен ортақ пікірге келе алмаған. «Алаш» газеті - ұлт баспасөзінің бір ізденісі.
“Сарыарқа” — газет. 1917 — 1918 ж. Семей қаласында шыққан. Газетте негізінен алаш қайраткерлерінің (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов, т.б.) мақалалары жарияланды. “Алаш” партиясының органы ретінде сол кездегі саяси-қоғамдық мәселелерді көтерді.
"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.
1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.
"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
2. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Әдебиеттің даму процесі өзіне тән ерекшеліктермен көрінеді де, соған орай сыни пікірлерін тудырып отырады. Жазба әдебиеттің идеялық-шығармашылық арнасынан бағыт-бағдар алып, ұлттық ой-сана мен эстетикалық талап-талғам деңгейінен көрінеді. Мәнді шығарманың нәрлі сынының тууына, үлкен дарынды ойлы пікірдің өрбуіне жағдай жасайтынын Абай негізін қалаған реалистік әдебиеттен айқын аңғарамыз. Бұл процесте әлеуметтік-қоғамдық және эстетикалык, жағдаяттар шешуші рөл атқарады. Сондықтан Абай жолымен өркендеген қазақтың жазба әдебиеті өнерпаздық тұлғасы зор сыншыны дүниеге келтірмесе де, эстетикалық құны бар сана-сезімді, ой-пікірді оятты. Мәселенің түйіні — Абай дарынына пара-пар келетін сыншының жеке-дара шығуында емес, Абай салған жаңа, соны жолмен әдебиетті әрі қарай өркендете беруге бас-көз бола аларлықтай ұжымдық сын пікірдің тууы қазақ мәдениеті үшін аз олжа емес. Сондықтан қазақ сынының туу процесін белгілі бір сыншының дүниеге келуімен сабақтастыруға келмейтіні осыдан. Сонымен ана тіліндегі баспасөздің пайда болуы жазба әдебиеттің өркендеуін тездетті, нәрлендірді, ал ол өз тарапынан сын жанрының негізін қалап қана қоймай, оған творчестволық ықпал жасады.
Қазақ баспасөзінің дүниеге келуі. «Түркістан уәлаяты газеті», «Дала уәлаяты газетіндегі» сыншылық ойлардың көрінісі. Газеттердің қазақ тілінің
тазалығын сақтау, оны орынсыз шұбарламау жайындағы берік көзқарасы. Жарнама, дәйектеме, сындардың пайда болуы. М.-Ж. Көпеевтің газет бетінде Абай өлеңдеріне тұңғыш пікір айтуы. Тұңғыш газеттердің казақ әдебиет сынының тууына тигізген әсер-ықпалы.
«Айқап» журналы оқырманның эстетикалық талап-талғамын қалыптастырудағы алғаш қадам жасаған басылымдардың бірі екендігі. Журнал бетінде әдеби-мәдени мәселелерге, аннотация, жарнама-сындарға кеңірек орын берілуі. Журналдың оқу-құралдары жөніндегі көзқарастары. С. Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «өлең мен айтушылар» атты мақалалары «Айқапта» жарияланған ең құндысы және өнегелісі екендігі. «Айқап» журналының қазақ әдебиет сынын тудырудағы ролі.
Әдеби-мәдени мұраны жариялау және оның қадір-қасиетін ел-жұртқа түсіндіре білу саласында «Қазақ» газетінің атқарған істері. Ә. Бөкейхановтың «Қобыланды жыры» сериялы мақаласының өзіндік ерекшелігі А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы қазақ әдебиетіндегі эстетикалық сынның соны сүрлеуі екендігі. Газет бетінде жарияланған А.Байтұрсынұлының, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ғ.Қарашевтің, С.Сейфуллиннің т.б. сыншы ой-пікірлері. «Қазақ» газетінің әдебиет өркендетудегі маңызы.
Жазба әдебиет дамуының әдеби сынның өркендеуіне тікелей әсері. Абай, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім т.б. шығармаларының жарық көруі сыншыл көзқарастың өрістей түсуіне жасаған ықпалы. Өлең жинақтарына алғы сөз түрінде жазылған дәйектеме сын әр қилы формада көрінуі. Әдеби ағымдар, әдеби мұра туралы пікір-таластар мен айтыстар. Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек, яғни қазақтың әдеби ой-пікірінің оянуына, сын жанрының тууына жасаған әсері мен ықпалы.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттегі ахуал. Әдебиетке таптық принциптердің қойыла бастауы. ҚазАПП-тың қызметі. Тұрпайы социологиялық сындардың өріс алуы. Жікшілдік, ұлтшылдық туралы айтыс. Абай, Мағжан әдеби сында. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», X. Досмұхамедовтің «Қазақтың халық әдебиеті» еңбектерінің маңызы.