1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Адгезивті көпір тәріздес протездерді қолданудың көрсеткіштері. Тіс қатарының ішінара ақауының ортопедиялық емін сипаттаңыз



бет14/62
Дата16.11.2023
өлшемі186,8 Kb.
#191554
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
1. Àëìàëû ñàëìàëû ïðîòåçäåð æ³êòåìåñ³

34.Адгезивті көпір тәріздес протездерді қолданудың көрсеткіштері. Тіс қатарының ішінара ақауының ортопедиялық емін сипаттаңыз.
Адгезивті көпір тәрізді протезі (AКТП) бір бөліктен тұратын құйма құрылым,
онда жасанды тіс және бекіту элементтері бар. Бекіту құрылғылары тістің экваторын вертикальда жабуға арналған ілмек тәрізді элементтер түрінде жасалады.
Тірек тістердің ауыз ішілік бетінен жазықтықта бекітіледі. Сонымен қатар, серіппелі ретенция бөлігі ауыз ішілік,яғни таңдай немесе тіл жақ бетінен тістің шекаралық сызығы мен мойнының арасында орналасады. Тірек бөлігі тірек тістердің шекаралық сызығы мен шайнау беті арасында орналасады. Окклюзиялық бетінде протезді тік бағытта тұрақтандыратын қабат бар. Адезивті көпір тәрізді протездің соғғы нақты конструкциясының ерекшелігі припосовка кезінде протезді тұрақтандыруды қамтамасыз етеді .Тірек тістеріндегі құрылымды нығайту үшін әртүрлі бекіту материалдарын қолдануға болады, соның ішінде фотополимерлі.Адгезивті көпір протез конструкциясы артқы аймақтағы тіс қатарындағы жалғыз тіс ақауларды жою үшін арналған (III класқа Кеннеди).
Басқа протездер сияқты Адгезивті көпір тәрізді протез конструкциясы тұрақты окклюзияға арналған.Тірек тістерге қойылатын талаптар:
– тірек тістері интактті болуы керек;– тірек тістер мықты болуы керек;
– тірек тістердің түбірлерінің экспозициясы түбір ұзындығының 1⁄4 бөлігінен аспауы керек;-тірек тістерде анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктері айқын көрсетілуі керек;– тіреуіш тістер бекіту элементтерін орналастыру үшін жеткілікті биіктікте болуы керек.
35.Уақытша сауыттарды дайындаудың көрсеткіштері мен дайындау тәсілдерін жазыңыз.
Жасанды сауыт - тістің сауыт бөлігін қаптайтын протез.Ортопедиялық ем түріне байланысты жасанды сауыттар қалпына келтіретін, фиксациялаушы(тірек), уақытша немесе провизорлы(қорғаныштық) болып бөлінеді.. Уақытша сауыттарды дайындауда жиі пластмассаны қолданады. Уақытша сауытты дайындаудың әдістері:
Тікелей және жанама. Тікелей- стоматологиялық креслода жүргізіледі.
Дәрігер тісті егеу алдында қалып алынады. Егеп болған соң қалыпты пластмассалық массамен толтырылып,тістерге кигізіледі. Қатқан соң дәрігер кұрылымға түзетулер жүргізіледі, жылтыратылады. Тікелей емес- тістехникалық лабораторияда жүргізіледі.
Дәрігер қалып алып, антогонист тістерден тістерді егеп болған соң алынады. Қалып лабораторияға жіберіледі, тіс технигі уақытша сауыт дайындайды. Дәрігер тіске цементке бекітеді. Жеке провизорлы сауыттарды жасауда әр түрлі типті пластмассалар қолданады. Көбінесе кең таралғаны полиметилметакрилат. Сонымен қатар поливинилэтилметакрилат, бисакрилді компазиттң пластмасса, сәулемен қатаятын уретандиметакрилат. Пластмассалы уақытша сауыттардың қасиеттері:
Жоғары механикалық беріктік Қатаю температурасы төмен Отыруы аз
Бояуға тұрақтылық және тегістелуі жақсы Қолдану ыңғайлылығыУақытша сауыттар қамтамасыз етеді:Окклюзияның және пародонттың тұрақтылығын.
Ұзақ уақыт ортопедиялық ем барсында Тірек тістердің ығысуын және пародонтқа шамадан тыс күш түсуін алдын алады.Науқастың әдеттегі жақтардың ара қатынасы сақталады.СТЖБ-ның аурулары пайда болу ықтималдығы төмендейді.
Шайнау қызметі. Заманауи пластмассалы сауыттар шайнау кезіндегі жүктемені көтереді. Эстетиканы. Фонетиканы. Уақытша сауыттар қорғайды:
Термиялық және химиялық тітіркендіргіштерден. Ұлпасы алынбаған тістерді уақытша сауыттар ұлпа қабынуынан қорғайды
Бактериялардан. Эмаль мен дентин бетінде қақтың жиналуын болдырмайды.
Қысым мен жарақаттан.
Пластмассалы уақытша сауыттардың қосымша қасиеттері:
Өңдеп-тегістелуі және жылтыратылуы оңай.
Тістемнің биіктігін өзгерте алады,тістің формасы мен көлемін өзгерте алады.
Ортодонтияда белсенді түрде қолданылады. Себебі брекеттерді металлокерамикалық сауыттарға жабыстыру қиынға соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет