Құйманың құрамы мен қасиеті бойынша жіктелуі



Дата10.12.2019
өлшемі1,44 Mb.
#53293
Байланысты:
Презентация112

ҚҰЙМАЛАР

Құйма – қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компоненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. (Металдан басқа бейметалл С,Sі,В т.б )

Құйманың құрамы мен қасиеті бойынша жіктелуі

  • 1.Механикалық қоспа – балқыған металдар кез-келген қатынаста араласып, салқындағанда жеке кристалдар түзеді.Бұл Pb-Sn,Bi-Cd,Аg-Pb
  • 2.Интерметаллидтер-балқыған металдар бір-бірімен әрекеттесіп, интерметаллид деп аталатын химиялық қосылыс түзеді (CuZn, Cu3Zn2,Ca3Sb2
  • 3.Қатты орынбасу ерітіндісі- мұндай құйманы радиустары шамалас және біртипті кристалдық торда орналасатын металл атомдары түзеді. Аg­Cu¸Ni­Cu 4.Енгізу қатты ерітіндісі – радиусы үлкен металл атомдары түзетін құймада радиусы кіші металл атомы екінші металдық кристалл торының арасындағы бос қуысқа орналасады. Ғе-дің көміртекпен құймасы

Құймалар

біртекті


әртекті

Балқығанда, тек бір ғана металдың ерітіндісіне айналады. Мысалы: мыс пен қалайыдан тұратын құйма



Балқығанда, әртүрлі металдардың ерітіндісіне айналады. Мысалы: шойын

Таза металл мен құйманың қасиеттеріндегі айырмашылық

Таза металл

  • 1. Балқу температурасы жоғары
  • 2. Жеңіл
  • 3. Жұмсақ
  • 4. Жемірілуге тұрақсыз
  • 5. Токты жақсы өткізеді

Құйма

Адамзат өркениетінің дамуының хронологиялық реті.

  • Тас ғасырында – ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен мыс болатын. «Металдар » деген сөздің өзі ертедегі гректің осыған үндес «іздеу» деген сөзінен шығуы мүмкін. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықта алынса келесі III мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп мыс дәуірінің орнын қола дәуірі басты. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды. Біздің заманымыздың бас кезінде не бары 7 металл белгілі болса, қазіргі кезде Периодтық жүйеде 90 – нан астам әр түрлі металл бар.

Тарих беттерінен...

  • Ерте ғасырларда адамдар таза металдарға қарағанда, көптеген құймалардың адам үшін пайдалы екендігін байқаған. Құймалардың қасиеттері металдардың қасиеттерінен айтарлықтай ерекше болды. Олар 80-нен аспайтын металдардан 10 000-ға жуық құймалар алған.

Құймалардың қасиеттері

  • Құймалар өздерінің беріктілігімен, қаттылығымен және өзіндік қасиеттерімен металдардан ерекшеленеді. Мысалы, алюминийден, магниден, марганецтен, мыстан және никельден тұратын құйма, яғни, дюралюмин алюминийге қарағанда, 4 есе берік болады.

АТАУЫ

ҚҰРАМЫ

ҚАСИЕТІ

ҚОЛДАНЫЛУЫ

ҚОЛА

80-92% Cu, 2% Zn, 6% Sn, Al, Pb, Si

Қаттылығы

Мәшине бөлшектері, әртүрлі құралдар, көркем бұйымдар

ЖЕЗ

60-90% Cu 40-10% Zn

Жемірілуге тұрақты, иілгіштігі жоғары

Мәшине жасауда, химия өнеркәсібі, тұрмыстық бұйымдар өндірісі

МЕЛЬХИОР

80-70% Ni, 18-30Cu, Fe, Mn қоспасы

Жемірілуге тұрақты, түрі әдемі

Мед.техникада, тұрмыста қолданылатын ыдыстар, әшекей бұйымдар

БОЛАТ

Болат Fe, 2% C Mn

Беріктілігі, қаттылығы

Машина, транспорт, тұрмысқа қажет бұйым

АТАУЫ

ҚҰРАМЫ

ҚАСИЕТІ

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Дюралюмин

80-95% Al, 13-1.5% Cu, 0.5% Mg, 0.5% Mn т.б.

Беріктігі жоғары, жеңіл

Авияцияда, велосипед бөлшектері, т.б

Монель-металл

65-70% Ni, 30% Cu, Fe, Mn қоспасы

Жемірілуге тұрақты, үйкелуге төзімді

Химия, мұнай өнеркәсібі, медицинада, кеме, монета жасау

Таттанбайтын болат

60-80% Fe, 10-20% Cr, 8-20% Ni т.б.

Механикалық тұрақтылық, жемірілуге тұрақты

Хирургиялық құралдар, ыдыс-аяқ

Нихром

Никель, хром, темір, марганец

Жоғары электрлік кедергі, жоғары темп-ға төзімді

Электрлік қыздыру элементтері

Машина жасау өнеркәсібіндегі құйманың маңызы

  • Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты - қара және түсті металдар. Бұрын машина жасау өнеркәсібінде шойын, болат, жез, қола ғана пайдаланылған болса, қазіргі кезде жоғары температураға шыдамды, коррозияға берік болаттың көптеген түрлері пайдаланылады. Жаңа материалдардан реактивті қозғалтқыштар, газ құбырлары, атом ракеталары, бақылау қондырғылары және басқа бөлшектер қолданылуда.

ТАЙҚАЗАН

  • Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде Көреген Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – қасиетті Тайқазан тұр. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет