1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Доғалы протез бекітілуінің кламмерлік және телескопиялық жүйесі



бет49/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон

92.Доғалы протез бекітілуінің кламмерлік және телескопиялық жүйесі.
Бюгельді протездерде тістің вестибулярлы және тілдік бетінде орналасқан иықтан , тірек тістердің бүйір бетінде орналасқан денеден және пластмасс негіз бен металл каркасты біріктіретін окклюзиялық бастырмадан тұратын тіректі – ұстағыш кламмерлер қолданылады. * Доғалы протездің құрылымдық элементтері: негізі, металл қаңқадан, жасанды тістерден тұрады. Металл қаңқаға: доға, кламмерлер және жасанды негіздің астындағы тор кіреді.
Жартылай-алмалы салмалы протезді бекіту немесе ұстату күрделі биотехникалық жағдайларға жатады. Біріншіден , кламмерлер тірек тістердің пародонт тіндеріне зиянды әсерлерін тигізбеу керек. Екіншіден, тірек тістердің пішіндері, мөлшерлері, орналасуы және олардың тұрақтылығында, қарамақарсы тістердің әртүрлі окклюзиялық өзара байланыстарында кламмер протездің жақсы бекіп тұруын жүзеге асырады. * Кламмер неміс тілінен аударғанда «ілмек» деген мағынаны білдіреді. Кламмерлер белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді. дайындау әдісі бойынша (иілген және құйылған), көлденең кесіндісінің пішініне байланысты (домалақ, жартылай домалақ, лента тәрізді), тісті қармау мөлшеріне қармайтын тістердің санына байланысты (біриықты, екіиықты, аспалы, қосарланған, көптармақты), атқаратын қызметтеріне байланысты (ұстатқыш, тірек-ұстағыш), материалына байланысты (металдан, пластмассадан), иықтарының орналасатын жеріне байлан.
Қазіргі заманда алмалы-салмалы тіс протездерін қолдану барысында Ней фирмасының құйма кламмерларі кеңінен қолданылатыны белгілі. Нея фирмасының кламмерлер жүйесі 5 типке бөлінеді: * * Бірінші типті кламмер (Аккер) өзінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты көптеген оңтайлы қасиеттері болумен қатар, оның көпшілік жағдайда қолдануына себепкер болады. Бұл кламмердің мүйізге ұқсаған екі иығы болады. Иықтартістің ақауға қараған жанасу беттерінде бірігіп окклюзиялық үстемесі болады. Кламмардің қатты бөлімдерінің серпімдік қасиеттері болмайды. Осы себепке байланысты кламмерлердің бұл бөлімінің қызыл иекке іргелес аймақта орналасуы протез отырғанда қиындықтарды туғызады. Бұл жағдай кламмердің ішкі бетін жонып жұқартуға тірейді. Кламмердің жұқарып жонылуы, оның тұрақтылығының (стабилизациясы) бұзылуына себеп болады. Сондықтан кламмердің тірек бөлімі меже сызығының үстінде орналасуы қажет. Кламмер иы ғының соңы, яғни ұшы жіңішкерген меже сызығының астында орналасады. Кламмер иығының бұл бөлімінің серпімділік қасиетінің болуы, кламмерге ұстатқыштық қасиет береді.
Телескопиялық сауыттар
* Бұл бекіту түрі * екі бөліктен тұрады – ішкі және сыртқы. Ішкі бөлігі тісті қоршап тұратын металл қалпақшадан тұрады. Сыртқы бөлігі анатомиялық пішіні бар сауыт. * Ішкі бөлігін (қалпақша) тіске цементпен отырғызады, сыртқы бөлігін (сауыт) протезбен жалғайды. Кламмердің бұл екі бөлігі де механикалық байланыс құрады, оларды тек вертикальді бағытта қозғалыс жасағанда ажыратуға болады. Шайнау қысымын таратуына байланысты тірек тістерге телескопиялық бекітуді тірек ұстаушы жүйеге жатқызуға болады. Телескопиялық беку әр түрлі құрылымда болады, бірақ жиі толық телескопиялық, қос сауыттық түрі қолданылады. Телескопиялық сауытқа тісті егеу, құйылмалы сауытқа егеп жүргізілетіндей жүреді. Сонымен қатар, тістің қатты тінің штампталған сауытқа тісті егегеннен көбірек алады. Тісті егеуді рентген суретін қарап бақылаумен жүргізген дұрыс. Сыртқы телескопиялық сауыт эстетикалық талапқа сай болу үшін пластмасса немесе фарформен жабылуы керек. Мұндай сауыттар ауыз қуысы тіс қатарылған кезде тістердің оральді бетке қисаюында қолданылады. Телескопиялық беку- тірек тістің клиникалық сауыты төмен болғанда, тірек-ұстағыш кламмер жақсы фиксация болмаған жағдайда жасалмай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет