1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі



бет1/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон




1.Алмалы салмалы протездер жіктемесі.
Алмалы-салмалы тіс протезі – дегеніміз, тic қатарларының ақауларын алынбайтын көпіртәрізді протезбен қалпына келтіруге болмайтын кезде қолданылатын, пластмассадан немесе темірден жасалған пластинка тәрізді базисіне әртүрлі бекіту элементтері мен жасанды тістер бекітілетін тіс протезі. Алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау:тіс қатары ақауларының орны мен көлеміне;сақталған тістер санына; олардың қатты тіндері мен пародонт жағдайына; анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына; және тістем түріне байланысты болады.Жартылай алмалы-салмалы протездің элементтері:протез негізі (протез базисі); протезді ұстап тұратын тетіктер; жасанды тістер.Протез негізі (базис) - протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған пластинка. Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы, негізді металдан даярлауға мәжбүр етуде.

2.Патологиялық тістемнің түрлеріне анықтама беріңіз.
Патологиялық тістем түрлері Прогнатиялық тістем.Прогениялық тістем.Терең тістем.Ашық тітем.Қисық немесе қайшы тістем. Патологиялық тістемдерОртогнатиялық және тік тістемдеріндегі тістердің өзара байланысы морфологиялық жағынан ғана емес, сондай ақ функциялық, яғни қызметтік қалыптылығымен сипатталады.Тіс қатарларынық өзара байланысының ауытқуы аномалияны,яғни, ауытқушылық жағдайын туғызады.Патологиялық тістемдерде тіс қатарларының байланысуы,сондай ақ шайнау,сөйлеу қызметтері бұзылуымен қатар,науқастың сыртқы бет пішіні де өзгереді. Прогнатия.Прогнатия жоғарғы жақ сүйегінің алға шығып тұруымен сипатталады.Төменгі жақ сүйегінің дисталды ығысуы немесе жоғарғы жақ сүйегінң алға ығысуы салдарынан алдыңғы және бүйір тістердің де қалыпты тістесуі бұзылады.Физиологиялық тістемде жоғарғы күрек тістер кескіш төмпешікті түйісудің болуына байланысты,төменгі күрек тістерді жауып тұрады.Прогнатияда жоғарғы күрек тістер алға қарай шығып , осы тұста антогонист тістер арасында саңылау пайда болады.Кей жағдайда төменгі тістердің кеу қырлары шырышты қабатқа тиіп оның жаралануы әбден мүмкін.Прогнатиялық тістемде жоғарғы бірінші молярдың алдыңғы ұрт төмпешігі төменгі өзі аттас бірінші молярдың төмпешігіне түйіседі,кейде екінші премоляр мен біріншімолярдың алдыңғы ұрт төпешігі мен арасындағы сайға түседі. Прогнатияның ауыр түрінде жоғарғы тістер жоғарғы ерінді ысырып,алға шығып,тістердің кесу қырлары көрініп турады.Төменгі ерін керісінше , жоғарғы тістердің астына келеді.Мұның барлығы сыртқы бет әлпетіне із қалдырып , бет пішінін өзгертеді, сонымен қатар шайнау және сөйлеу қызметтерін де бұзады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет