1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Протездерді кламмерлік бекіту



бет3/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон

9.Протездерді кламмерлік бекіту.
Жартылай-алмалы салмалы протезді бекіту немесе ұстату күрделі биотехникалық жағдайларға жатады.Біріншіден , кламмерлер тірек тістердің пародонт тіндеріне зиянды әсерлерін тигізбеу керек. Екіншіден, тірек тістердің пішіндері, мөлшерлері,
орналасуы және олардың тұрақтылығында, қарамақарсы тістердің әртүрлі окклюзиялық өзара байланыстарында кламмер протездің жақсы бекіп
тұруын жүзеге асырады. Кламмер неміс тілінен аударғанда «ілмек» деген мағынаны білдіреді.Кламмерлер белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді . дайындау әдісі бойынша (иілген және құйылған),көлденең кесіндісінің пішініне байланысты (домалақ, жартылай домалақ, лента тәрізді),тісті қармау мөлшеріне қармайтын тістердің санына байланысты (біриықты, екіиықты, аспалы, қосарланған, көптармақты), атқаратын қызметтеріне
байланысты (ұстатқыш, тірек, тірек-ұстағыш), материалына байланысты (металдан, пластмассадан), иықтарының орналасатын жеріне байланысты (тістік, қызыл иектік, тісқызылиектік).

10.Бекітудің құлыптық жүйесі.
Тірек тістерді тығыз жанасып жататын арнайы ілмекті - кламмерлер көмегімен бекітіледі. Ілмектерді арнайы жеке тістер үшін жасалады және тісте жақсы бекітіледі, өзінің серпінділігі арқасында кіреукеге зиянды әсер етпейді. Мұндай протезді дайындау үшін ауыз қуысында бірнеше берік тістер болуы қажет. Негізгі кемшілігі – сөйлегенде немесе күлгенде ілмектердің көрініп қалуы.Құлыптар екі элементтен тұрады. Бір элементі тіс ішінде, екіншісі сауытпен қапталған тірек тісте немесе тіс түбірінде орналасады. Яғни, протездің бекітілуі ті сауыт ішінде болғандықтан, ауыз қуысында онша біліне қоймайды. Құлыптық протездің бекітілуі өте мықты, шайнау қысымының үлкен бөлігі алдын ала сауытпен жабылған тірек тіске беріледі. Бұл конструкцияның артықшылығы – ілмектерден құтылып, бекітуші элементтерді сауыт ішінде жасыруға мүмкіндік береді.Доғал протездің ең күрделі түрлерінің бірі. Оның негізінде телескопиялық сауыттар жатыр. Бірі тіске цементтеледі, екіншісі доғал протездің ішінде орналасады, оның ішкі контуры бірінші қабаттың контурын қайталайды, Бір сауыт екіншісін қаптап, осыған байланысты протез нық отырады. Бұл протездер универсалды болып табылады, себебі, жыл өткен сайын тірек тістер саны азая бастайды, ал протез сол қалпы қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет