1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Физиологиялық тістем түрлеріне анықтама беріңіз



бет2/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон
10 гум қазақ тілі
3.Физиологиялық тістем түрлеріне анықтама беріңіз.
Физиологиялық тістем түрлері.ОртогнатиялықТік тістемФизиологиялық прогнатия ОпстогнатикалықтістемОртогнатиялық тістем- ең көп таралған тістем.Тістем түрін зерттеуді үш бағытта қарастыру керек.ВертикалдыСагиталдыТрансверзалдыОртогнатиялық тістемнің белгілері барлық тістерге қатысты болса, ал басқа тістемнің түрлері тек алдыңғы немесе шайнау тістеріне қатысты болуымен сипатталады.Ортогнатиялық тістем белгілері. Әрбір тіс екі қарсы (антагонист) негізгі және жанама тістермен түйіседі. Жоғарғы жақ сүйегінің ақыл тістері мен төменгі жақ сүйегінің орталық крек тістерінің бір бірден ғана антогонистері бар.Әр бір жоғарғы тіс өзі аттас төменгі және өзінен кейін тұрған тістермен,ал әбір төменгі тіс өзі аттас жоғарғы және өзінің алдында орналасқан тісермен тұйіседі.Төменгі және жоғарғы тістердің осылайша өзара байланыстылығының ерекшелігі жоғары орталық күрек тістердің анағұрлым жалпақ болуымен түсіндіріледі.Осыған байланысты жоғарғы тістер төменгі тістерге қаағанда дисталды бағытта ығысады.Жоғарғы ақыл тіс төменгі ақыл тіске қарағанда енсіздеу,сондықтан жоғарғы тіс қатарының диталды ығысуы ақыл тістердің тқсында теңеледі жне олардың артқы беттері бір жазықтықта жатады. Тік тісем. Тік тістемнің ортогнатиялық тістемнен айырмашылығы,тік тістемде жоғарғы күрек тістердің кесу қырлары төменгі күрек тістердің кесу қырларымен тікелей тиіседі.Бйір тістердің түйісулері ортогнатиялық тістемге ұқсайды , тек олардың төпешіктері аласа болып келеді.Физиологиялық прогнатия және физиологиялық опситогнатия. Бұл тістем түрлеріне ортогнатиялық тістемнің барлық белгілері тән,айырмашылығы сол ..........физиологиялық прогнатияда екі жақ сүйегнің альвеолярлық өсінділері және алдыңғы тістері алға нңкіш орналасқан, ал опистогнатияда альвеолярлық өсінділер мен күрек тістер керісінше орналасқан.
4.Артикуляция және окклюзия туралы түсінік. Окклюзия (лат. occlusus – құлыптаулы) – тіс қатарының немесе антагонист тістердің жекелеген топтарын жабу.Артикуляция (лат. articulatio – артикуляция) – шайнау бұлшықеттерінің көмегімен жүзеге асырылатын төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатысты позициялары мен қимылдарының барлық түрлері. Артикуляция – кезектесіп тұратын окклюзиялар тізбегі.
Окклюзияның бес негізгі түрі бар: - орталық; - алдыңғы; - жағы (оң және сол); - артқа. 5.Толық алмалы протездің клиникалық кезеңдері.
1-ші клиникалық кезең.
Тіссіз жақ сүйектерінің анатомиялық қалыптары стандартты қалып қасықтарымен түсіріледі, олар металл не пластмассадан жасалып, тесікті не тесіксіз болады. Жақ
сүйектері қатты семіген жағдайда, қозғалмалы жұмсақ тіндерді жазу керек болса, немесе альвеола шыңына жақын тіласты бездерін ауыстыру қажет болғанда гипсті,
тұтқырлық дәрежесі әр түрлі силикон және поливинилсиликон массаларын қолданған жөн. Аталған материал тіндерді тіласты кеңістігіне ауыстырып, оларды қозғалғыштығының ең көп шамасының жартысына дейін ығыстыруға мүмкіндік береді. Жақ сүйектері қатты семіген, қыры салбырап кеткен жағдайда қалыпты қысымсыз сұйық гипспен не пластик альгинат массаларымен түсіреді. Анатомиялық қалып түсіру үшін стандарты қасықты дұрыс таңдаған жөн. Оның пішіні мен өлшемі жақ сүйек шамасымен анықталады. Жақ сүйегі шамасын көзбен, қасықты ауыз қуысында шақтай отырып өлшейді 2-ші клиникалық кезең.
Жеке қасықты шақтау,жақтардан функционалды қалып алу. Елімізде кең тараған әдіс – жеке қасықтарды Гербст бойынша қызметтік сынамаларды пайдаланып шақтап
көру 3-ші клиникалық кезең. Жақтардың орталық арақатынасын анықтау. Жақ сүйектері орталық арақатынасын анықтау дегеніміз төменгі жақ сүйегінің жоғарыға қатысты орнын үш озара перпендикуляр жазықтықта анықтау. 4-ші клиникалық кезең.
Науқас ауыз қуысыда протездің балауыз композициясын шақтау,құрлысын тексеру.
Протез құрылысын тексеру мына сатыладан тұрады: 1. Тістердің артикуляторда орнатып тексеру; 2. Жақ сүйектері үлгілерін қарау; 3. Тістері бар балауыз негізді ауыз қуысында тексеру. 4-ші зертханалық кезең. Балауыз құрылымды пластмассаға ауыстыру. Протездің балауыз конструкциясын соңғы мүсіндеу. Мүсінді кюветаға ғаныштау. Балауызды балқыту, пластмассаға ауыстыру, престеу,полимиризациялау,протезді кюветадан босату,өңдеу, жылтырату.
5-ші клиникалық кезең.
Протезді тіссіз жаққа бекіту,қажет болса коррекциялау. 6.Толық алмалы протездің зертханалық кезеңдері. Клиника-лабораториялық кезең 1. Науқасты қарау. Анатомиялық қалыпты түсіру.
2. Үлгіні құю. Жеке қасықты дайындау. 3. Гербст бойынша қызметтік сынамаларды
пайдаланып жеке қасықты шақтап көру. 4. Үлгілерді құю, тістесімдік біліктері бар балауыз негізді дайындау. 5. Альвеола аралық биіктікті және жақ сүйектерінің
орталық арақатынасын анықтау. 6. Жасанды тістерді қою. 7. Протездің балауыз құрылымын ауыз қуысында тексеру. 8. Балауыз құрылымды пластмассаға ауыстыру.
9. Дайын протезді өлшеп-кигізу, тапсыру. 1-ші зертханалық кезең.
Анатомиялық қалып түсіріліп, залалсыздандырылғаннан кейін зертханаға
тапсырылады, онда жұмыс моделі құйылады, ол модельде жеке қасық дайындалады. Үсіндер дайындау.
2-ші зертханалық кезең.
Жұмысшы гипс мүсіндерін құю,окклюзионды біліктермен балауыз негізін мүсіндеу.
Модель жалпы қабылданған әдіспен құйылады.
3-ші зертханалық кезең.
Артикуляторға мүсіндерді ғаныштау,жасанды тістерді таңдау, протездің балауыз композициясын дайындау. Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау қызметі
қалпына келіп, эстетикалық әсер жақсарады. Алмалы – салмалы протездер үшін түрлі пішін және түстегі жасанды тістерді фабрикада акрил полимерінен немесе фарфор жиынтық түрінде: толық жиын, тек алдыңғы тістерді, тек бүйірлік тістерді дайындайды. 7.Толық тіссіз жақтың жіктемесі. Тістерден толық айырылудың себептері әртүрлі.Көп жағдайдағы себептері тісжегі,пародонтоз,тістерге қызметтік артық шамада күш түсу және ағзаның жалпы аурулары болып табылады.Тістердің түгел жоқ болуы тіс-жақ жүйесінің даму ақаулықтарында(толық адентия)байқалуы да мүмкін.Г.В.Базияның мәліметі бойынша 1000 тексерілген тұрғынға шаққандағы тістерінен түгелдей айырылғандар саны 40-49 жасты -10,2 адам,ал 50-59 жасты -5,7 адам,60 жас және одан үлкен жасты-248,1 адам құраған екен. Тістерден толық айырылғаннан кейін және осы себепке байланысты дамитын жақтың және олардың жауып тұратын жұмсақ тіндерінің атрофиялық процестерінде жақ-бет жүйесі элементтерінің жаңа өзара байланысы пайда болады.Бұл тіссіз ауыз қуысын тісі сақталған ауыз қуысынан сапасы жағынан айрықша ажыратуға мүмкіндік береді.Осыған байланысты ауыз қуысын арнайы дайындаудың және протез жасаудың сипаты өзгереді.Тісі жоқ ауыз қуысының клиникалық анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу протез жасауда жетістікті қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Тісі жоқ ауыздың клиникалық суретемесі тістен айырылудың себептеріне,олардың жұлғызған сәттен өткен уақыт шамасына,науқас жасына және т.б. ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Тісі жоқ ауыз қуысының клиникалық суреттемесін зерттеу барысында кәрілік прогениясы,альвеолярлық,өсіндінің атрофиясына,альвеолярлық өсіндіні және қатты таңдайды жауып тұратын шырышты қабаттың жағдайына,бекітілген альвеоляр аралық биіктіктің жоғалуына,науқастың сырт пішінінің өзгеруіне,шайнау және сөйлеу қызметінің бұзылуына көңіл аудару керек. 8.Алмалы салмалы протездері бекіту принциптері.
•Алмалы-салмалы тіс протезі – дегеніміз, тic қатарларының ақауларын алынбайтын көпіртәрізді протезбен
қалпына келтіруге болмайтын кезде қолданылатын, пластмассадан немесе темірден жасалған пластинка тәрізді базисіне әртүрлі бекіту элементтері мен жасанды тістер бекітілетін тіс протезі.
Алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау:
• тіс қатары ақауларының орны мен көлеміне; • сақталған тістер санына; • олардың қатты тіндері мен пародонт
жағдайына; • анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай
күмбезі) элементтерінің сақталуына; • және тістем түріне байланысты болады.
Жартылай алмалы-салмалы протездің элементтері: •протез негізі (протез базисі); •протезді ұстап тұратын
тетіктер; •жасанды тістер.
Протез негізі •Протез негізі (базис) – протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін,
протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған
пластинка.
• Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы
ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен
жабылады. Алдыңғы тістер аумағында протез шеті олардың мойындарының үстінен өтеді. Премолярлар мен молярлар аумағында шекара тіс экваторынан төмен орналасады.
•Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз
альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді. Алдыңғы табиғи тістер аумағында тістердің тіл
төмпешіктерін жауып тұрады, ал бүйір тістер аумағында шекара тіс экваторынан біршама жоғары өтеді.
Жасанды тістер
• Жартылай алмалы-салмалы протездерде пластмассадан немесе фарфордан жасалған жасанды тістер пайдаланылады. • Пластмассалы тістер кең қолданыста. Сыртқы пішіні бойынша олар табиғи тістерге ұқсас, мықтылығы жеткілікті, протез негізінде жақсы тұрады, өйткені негізбен тістер біртекті материалдар.
• Зауытта жасанды пластмассалы тістерді ыстық престеу әдісімен даярлайды.
Жасанды тістерге қойылатын жалпы талаптар: • қажалуға қарсы мықты; • беріктігі жоғары; • ауыздағы сілекейге тұрақты; • құрамында улы заттар болмауы керек; • протез негізіне мықты бекітілуі керек; • тіс пішіні тамақтың механикалық шайналуын қамтамасыз етуі керек
;• тіс материалының көлемдік термиялық кеңеюі, негізгі материалдың термиялық кеңеюіне өте жақын болуы керек; • пішіні, түсі бойынша, табиғи тістерге сәйкес болуы керек; • тіс ақаусыз, оңай өңделетін болуы керек; • тістердің түстері ұзақ сақталуы керек
•Кемшіліктері • Жалпақ протез негізі тандайдың қатты және жұмсақ бөлімдерін жауып, тактильдік, дәмдік
және температуралық сезімталдықтың төмендеуіне себеп болады. • шырышты қабаттың өзін-өзін тазалауы бұзылады, • кей кездері құсу рефлексі пайда болуы мүмкін, • Көп уақыт пайдалануға шыдамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет