1 мәтін Оқу сауаттылығы Ұмыт қалған балауыз



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі24,16 Kb.
#172459
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 мәтінОқу сауаттылығы


1 мәтін Оқу сауаттылығы
Ұмыт қалған балауыз.
Балауызды ешкім керек етпегендіктен, сөреде жатты. Жарқыраған электр жарығы бар. Балауыз үмітін үзген емес. Кәдеге жарар күнін күтті.
Бұл үйдің күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта.Кешке үйге жиналып,әрқайсысы смартфондарына қарап,кешкі астарын ішіп, бөлмелеріне тарап кететін.Үйдегілер бір-бірімен сырласып, сөйлесуден қалды. Осыны көрген балауыздың адамдарға жаны ашып, уайымдап, көмектескісі келді.
Бірде қатты боран соғып,электр желілері үзіліп, қала жарықсыз қалды Сол сәтте, сөреде жатқан балауыздың арманы орындалды. Аналары сөреде бір балауыз болған деп, ұялы телефондарының жарығымен іздеді. Ақыры тапты-ау. Балауызды тұтатып еді, қараңғы үйге нұр себілгендей болды. Үйдегілер біраз үнсіз отырысып қалды.
Әкелері балалық шағында атқа мініп үйренгенін әңгімелеп берді. Аналары көйлек тігемін деп, матаны кескілеп, тастағанын айтты. Балалар мектептегі қызықтарын айтты.
Балауыздың арманы орындалып,шынайы отбасылық махаббаты оятыпты.Кейде бұл отбасы, балауыз жағып , қызықты әңгімелерін айтып, сырласатын болыпты.
1. Балауыздың арманы қай сәтте орындалды?
А) дауылсоғып, жарық өшкенде В) балалар қуанғанда
С) смартфонмен ойнағанда Д) компьютер қолданғанда
2. Ең алғаш атқа мініп үйренгендегі қызықтары жайлы кім әңгімелеп берді?
А) әкесі В) С) ағасы Д) әпкесі
3. Балауыздың қандай арманы бар еді?
А) Отбасыны біріктіру В) Боранды көру С) Далаға шығу D) серуендеу
4. Отбасы неліктен жарықты сөндіріп, балауыз шаммен отырады?
А) ұрысу үшін В) қызықты әңгіме айту үшін С) ас ішу үшін Д) қыдыру үшін
2 мәтін
Алисаның арманы.
Бір күні Алисаны анасы теңізге апарды.Теңіз ұнап,судан шыққысы келмеді.
Алиса «Армансыз жүзетін қанатым болып, балыққа айналсам ғой» деп ойлады.Ұйықтар алдында айна алдында, «Жүзетін қанат өскен жоқ па екен?» деп қарай береді. Бірақ, денесінен құмның қиыршығын ғана көреді.
Бір күні ол теңіз жағасында жәндіктерді теріп жүрген балықшының баласын кездестірді. Оның теңіз туралы білмейтіні жоқ.
-Балыққа айналу үшін не істеймін? –деді Алиса
- Оп-оңай.Қара!-деді бала.
Ол суғасүңгіп кетті. , біраз уақыт судан шыққан жоқ. Баланың орнына дельфин шығып, суды фонтанша атқылатып, секіріп ойнақтады. Ойнақтап болып, дельфин суға сүңгіп кетті.Дельфин тұрған жерден бала шыға келді.
-Көрдің бе, дельфин болғанымды?-деді ол .
-Көрдім.Мен ондай бола алмаймын,-деді Алиса.
-Байқап көр.
Алиса суға секіріп, теңіз жұлдызына айналсам деп, судың түбіне бата бастады.Ол теңіз қауашағына құлап түседі.Қауашақтың екі қақпағы жабылып, қыз ішінде қалып қойды.
Қауашақтың іші таза, тып-тыныш.Теңіз түбінде су перісі сияқты өмір сүру қандай жақсы болар еді. Алиса анасын есіне алды.Анам қызым ұйықтап жатыр деп ойлайтын шығар. Әкем кешке қаладан келеді ғой. «Әке-шешемді жалғыз тастағым келмейді! - деп ойлады Алиса.Қауашықтан сыртқа шығып,жоғары жүзді. Теңіз жағасынан алыста балықшының баласын көрді.
Алиса үйіне қарай жүгірді, теңіз түбінде өзінің қандай халге ұшырағанын ешқашан, ешкімге айтқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет